ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Бір апта бойы осы ингредиентпен бетіңізді жуыңыз. Безеулер мен әжімдер із-түзсіз жоғалады

Кез-келген әйел адам терінің мәңгі жас, таза және әжімсіз болғанын қалайды. Өкінішке орай, бұл ұзақ уақытты алады. Біздің теріміз әр түрлі химиялық өнімдер мен қоршаған ортаның ластануына байланысты үнемі зақымдалады.

Және де біздің өмір салтымыз әжімдерді пайды болдырып, сонымен қатар тері тесіктерін бітейді. Қыздар көбінесе дүкеннен қымбат косметика сатып алып, терісіне күтім жасайды. Бірақ олардың құрамында теріні зақымдайтын химиялық заттар бар.

Ас содасы безеулердің алдын алып, және де терінің денсаулығына оң әсер етеді. Ас содасы тістерді де ағарта алады. Ал кокос майы – бұл тері күтімі үшін ең жақсы таңдау. Бұл май бетті ылғалдандырады, тері тесігін тазартады.

Қажетті заттар:

  1. 1 шай қасық ас содасы
  2. 2 шай қасық кокос майы
©Pixabay

Дайындау әдісі:

Дайындалған ас содасы мен кокос майын кішкене ыдысқа салыңыз, содан кейін жақсылап араластырыңыз. Және бетке жағыңыз. Саусағыңыздың ұшымен жұмсақ уқалап массаж жасаңыз. Одан кейін 5-10 минуттан кейін бетіңізді жылы сумен жуыңыз.

Кокос майы теріні ылғалдандырады, сондықтан осы әдісті қолданғаннан кейін ылғалдандырғыш қолданудың қажеті жоқ. Бұл өнімдер кез-келген жерде кездеседі және теріңізге зиян келтірмейтін табиғи өнімдер. Осы әдісті қолданып көріңіз. Өте жақсы әсер етеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!