БІЛІМ

Балаңызға міндетті түрде үйретіңіз керек өмірлік сабақтар

Балаңызға өмірде жеңіліс деген ұғымның жоқ екенін үйретіңіз. Әрбір іс-әрекеттің берері бар. Әр қателік – сынақ. Бұл – өмірлік жеңіс.

Қалағанына еңбекпен жету керектігін үйретіңіз. Мақсаттары биік болсын. Үлкен нәрсені армандау керектігін ұғындырыңыз.

Бақытты болу үшін дүниенің де, өзге адамның да, белгілі бір орынның да керегі жоқ екенін айтыңыз. Бақыт – әр адамның өз жүрегінде.

Балаңызға өзге адамдарды тап пен топқа бөлмеуді ескертіңіз. Ақ, қара, қоңыр түсті адам дегеннің болмайтынын, жақсы және жаман адамның болмайтынын түсіндіріңіз. Адам тапқа бөлінбейді. Жақсы немесе жаман болатын әрекет қана.

Балаларыңызға кез келген әрекет пен сөздің қайтарымы болатынын үйретіңіз. Өмір – бумеранг.

Балаңызға өзгелердің сөздері қанатын қайырмауға тиістті екенін үйретіңіз. Әрқашан дұрыс болуға ұмтылудың өзі де қателік екенін айтыңыз.

Балаңызға махаббатта шарттың жоғын түсіндіріңіз. Біреуді сүю үшін оның бай болуы, болмаса керемет оқуы маңызды еместігін айтыңыз. Махаббат  –  бүкіл әлемге сыйлай алатын өлшемсіз сый.

Балаңызға «ерекше болу»  ұғымын бәрін басып озу деген түсінікпен шатастырмау керектігін ескертіңіз. Ерекшелік – даралық, ол әр адамда болуы тиіс.

Балаларыңызға үйретіңіз! Бірақ, сөзбен емес, іспен үйретіңіз.

Сіз не істесеңіз, балаларыңыз соны қайталайды. Сіздің өміріңіздің айнасы  – балаларыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!