БІЛІМ

Ескірмеген, жаңа жұмыртқаны қалай таңдау қажет? Бұл өте оңай

Әдетте біз жұмыртқаны сатып алар кезде олардың дүкен сөресіне қанша уақыт бұрын жеткізілгенін білмей әуре боламыз. Ендеше оның ескірмегенін қалай оңай білуге болады?

Ол үшін сіз жұмыртқаны айналдыра қараудың қажеті жоқ. Таңбасына қарасаңыз жеткілікті. Әдетте онда 2 таңба болады. Бірі «С», екіншісі «Д». «Д» дегені диеталық жұмыртқа және бұлар жаңа жұмыртқалар. Көп болса 7 күндік. Ал «С» дегені – асханалық жұмыртқа. Яғни, ас үйде асықпай түрлі тағам әзірлеу үшін қолданылатыны. Бұлардың мерзімі 20-25 тәулікке дейін жетеді. Ал үй жұмыртқаларын таңбалаусыз сатады.

Сонымен қатар жұмыртқаны сыртына қарап та ажыратуға болады. Егер ол жылтырап тұрса, онда оның ұзақ уақыт сақталғанын және өңделгенін білдіреді. Ал күңгірт болса жаңа жұмыртқа деген сөз. Сондай-ақ ескі жұмыртқаларда иіс болады. Егер қолға алғанда іші шайқалып тұрса да, көп тұрып қалған жұмыртқа деген сөз.

Үйде жұмыртқаның үшкірлеу жағын төмен қарай қаратып, тоңазытқышта сақтаған дұрыс.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!