БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАР

Жүкті әйелдерге арналған кеңестерді ұсынамыз. МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОҚЫҢЫЗ

Жүктілік кезеңнің көтерер жүгі жеңіл емес. Дүниеге салауатты ұрпақ әкелу жүктілік кезеңдегі ананың негізгі күтіміне байланысты. Сол себепті назарларыңызға мұндай жауапты кезеңде жүрген нәзік жандыларға аса көңіл бөлу керек мәселелерді ұсынамыз.

• Жүктіліктің алғашқы 2-3 айында дәрігердің рұқсатынсыз ешқандай да ем қабылдамау қажет.  Құстыруға қарсы д ә р і, ұйқы немесе тыныштандыратын д ә р і – д ә р м е к іштегі балаға к е р і әсер етеді.

• Жүктілік кезеңде і ш і м д і к к е салынған немесе т е м е к і ш е к к е н әйелдер баланың қалыпты орта салмағынан әлдеқайда салмағы жеңіл нәрестені дүниеге әкеледі.

• Болашақ аналардың тексерілу немесе емделу мақсатында Х сәулесіне түскендердің сәбилері көбіне к е м т а р болып туатыны байқалған.

• Балаға барлық дәрумендер қажет. Егер нәресте кальций дәруменін қажетсінсе, онда (анасында аталмыш дәрумен болмаған жағдайда) анасының тістері мен сүйектері біртіндеп з а қ ы м ғ а ұшырайды. Фосфор сәби миының дамуында үлкен рөл атқарады. Ол үшін анаға балықты көбірек тұтынған жөн. Сонымен қатар балада қ а н аздығы кездеспеуі үшін анасында көп мөлшерде темір құрамы болуы қажет.

• Адамның қ а н ы А, Б, О, АБ болып 4 топқа бөлінеді. Сонымен қатар бұл топтар (-) және (+) болып  екіге жіктеледі. Егер анадағы қ а н (-), әкедегі қ а н (+) болған жағдайда қан үйлеспеушілігі пайда болып, баладағы қ а н н ы ң өзгеруіне себеп болады.

• Жүктілік кезінде әйелде кездесетін физикалық тұрғыдан дененің зақымдануы, күйзеліске ұшырау, ішімен құлау немесе қандай да бір жарақат туатын балаға к е р і әсерін қалдыруы мүмкін.

• Болашақ ананың көңіл-күйі, соның ішінде күйеуі мен жақындары арасындағы ұсақ-түйек ұ р ы с – к е р і с т е р іштегі балаға к е р і әсерін тигізеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!