БІЛІМ

Сіз мұны білген соң үнемі жұмыртқа жейтін боласыз

D дәрумені: D дәрумені кальцидің жақсы сіңуіне және адамның сүйегі мен тістерін қатайтуға көмектеседі.

Көзге пайдасы: Жұмыртқа лютеиннің көп мөлшерін қамтиды. Бұл зат көздің айқын, әрі өткір көруіне жауапты.

Миға пайдасы: Х о л и н дәрумені мидың маңызды құрылыс материалы болып табылады. Күніне 2 тауық жұмыртқасын тұтынғанда, ағза қоректік заттардың жеткілікті мөлшерін алады. Х о л и н н і ң жетіспеушілігі есте сақтау қабілетінің төмендеуіне алып келеді.

Арықтауға пайдасы: Американдық ғалымдар төменгі калориялы диетамен, таңертеңгі асқа жұмыртқаны бірге қолдану азуды екі есе жылдамдататындығы жөнінде қорытындыға келді. Мұндай таңғы ас ұзақ мерзімге тоқтықты сақтайды.

В дәрумендері кешені: Биотин, витамин В12, сондай-ақ қоректік сіңімді протеин шашты және теріні нығайтуға көмектеседі. 

Қ а т е р л і і с і к қ а у п і төмендейді: Миға қажетті х о л и н, сондай-ақ, қ а т е р л і і с і к ықтималдығын да азайтады. Зерттеу қорытындысы бойынша, жеткіншек шақтарында күнделікті тағамға жұмыртқа тұтынғанған әйелдер арасында, 18%-ға сүт б е з і қ а т е р л і і с і г і н і ң даму қ а у і п і төмендеген.

Балалы болуды жоспарлаған кезде пайдалы: B дәрумендер тобы, сондай-ақ ж ы н ы с т ы қ г о р м о н д а р д ы қалыптастыруға қатысады. В9 дәрумені – «Фолий қышқылы» аталатын өзге де атауға ие. Оның көмегімен, қызыл қ а н жасушалары түзіліп, ұ р ы қ т ы ң жүйке түтікшесі қалыптасады, баланың кешеуілдеген ақыл-ой психикалық даму қ а у п і н азайтады.

Қартаю үдерісі баяулайды: Бұл жөнінде Нидерланд ғалымдарының зерттеулері дәлел болады. 35-тен 40 жас аралығындағы 87% әйелдерде пигмент дақтар жоғалып, тері тартылған, ал еркектердегі көз айналасындағы ұсақ сепкілдер айтарлықтай тегістелген.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!