БІЛІМ

Лайфхак: Жапондық бет терісі күтімін үйреніп алыңыз.

Жапония қыздары бет терісіне аса мән беріп, күтім жасайды. Себебі олар бет терісі – кез келген қыздың визит картасы деп санайды. Ендеше бұл жолы біз сіздерге жапондық бет терісі күтімін ұсынамыз.

1. Пробиотигі бар косметика – мінсіз тері құпиясы. Жапондар тері жағдайы ішектер микрофлорасына тікелей қатысты екеніне сенімді болғандықтан, пробиотиктерді уақытылы тамақ, арнайы қосымшалар және таблеткалар ретінде қолданады.

2. Олар бет терісін арнайы майлармен тазартады. Макияжды кетіру үшін гельмен немесе көбікпен ысқылап жууға болмайды. Олар макияж бен ластықты бетке з и я н с ы з кетіретін құрал пайдаланады. Гидрофильді май қоректі және дәруменді компоненттердің нағыз көзі деп саналады.

3. Ең жақсы крем, іріткі немесе гельді теріге дұрыс жақпаса, олар әсерін бермейді. Жапондықтар теріні косметикалық құралдармен уқаламайды, олар саусақ ұшымен жайлап ұру арқылы жағады. Бұл әдіс теріге капиллярлық қ а н н ы ң келуіне көмектеседі және қалпына келу мен жасарудың табиғи процестерін күшейтеді.

4. Жапондық әйелдердің күнге күймейтіндігін байқадыңыз ба? Иә, олар шынымен де күннен қорғанып жүреді. Олар қорғанышы жоғары күннен қорғайтын құралдар қолданады, кең жиекті қалпақ киеді, қолшатыр ұстайды және жеңі ұзын киім киеді.

5. Олар ылғалдандырушы лосьондар қолданады. Жапониядағы қыздардың көпшілігі арнайы сулы лосьон қолданады. Ол тазартылған теріге массаждық қозғалыспен жағылады. Ол теріні қарқынды ылғалдандырады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!