БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАР

Шаш жуып болған соң бірден ұйықтауға болмайды. Себебі…

Анаңыз шашыңызды кептірмей ұйықтауға болмайтындығын айтқан шығар. Алайда, не үшін? Неміс ауыз әдебиетінде «Су шашпен ұйықтап қалған қыздың түсіне ж ы н кіріп, құлағына к ү н ә л і ойлар сыбырлап кетеді» деген сенім бар екен. Шаш жуып болған соң бірден ұйықтаудың денсаулыққа з и я н ы бар.

Бас тонады
Тіпті, ыстық күні судан шыққанда, жағымды салқындық сезінесіз. Тері ылғал болған кезде ол салқындайды. Басыңызды жуып, ылғал шашпен жату кезінде дәл осындай жағдай орын алады. Егер түнде үй жылы болса, ештеңе етпейді. Бірақ сәл салқындық болса, шаш түйіндері тонып, шаш әлсірейді. Оған қоса, бөлмеге жел өтіп тұрса, тұмаулатуыңыз да мүмкін.

Шаш сынады
Ылғал шаш сынғыш болып келеді. Себебі жуып болған бойда ол қорғансыз қалады. Шаш жуу кезінде оған қаттылық пен иілгіштік беріп тұрған майлы қабықша шайылып кетеді. Ылғал сынғыш шаштар сіз ұйықтап жатырып, қозғалған сайын з а қ ы м д а л а д ы. Егер сапалы сусабын мен уақытылы бальзам, кондиционер қолдансаңыз, бұл мәселе орын алмауы мүмкін.

Б а к т е р и я л а р өседі
Жастық, әсіресе құсжастық қ а у і п көзі болып табылады. Су шашпен ұйықтауға жатқанда жастық та ылғал болады. Ал ол б а к т е р и я л а р д ы ң дамуына арналған қолайлы орта. А л л е р г е н д е р д і ң көбеюіне өзіңіз ықпал етесіз. Сондықтан, таңертең орын алатын ж ө т е л немесе көздің қ ы ш у ы секілді жағымсыз белгілер су шашпен ұйықтағанның салдары болуы мүмкін.

Қайызғақ көбейеді
Қайызғақ тудыратын с а ң ы р а у қ ұ л а қ т а р көбейеді. Ол ылғал ортада дамиды. Су шашпен ұйықтау оның көбеюіне ықпал етеді. Сондықтан шашты қайызғаққа қ а р с ы сусабынмен жуып, бірақ су шашпен ұйықтау еш нәтиже бермейді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!