БІЛІМ

Баланы жылдам ұйықтату әдістерін үйреніп алыңыз!

Бала ұйықтату көптеген ата-аналар үшін оңай іс емес. Баланың еметін кезінен бастап күн тәртібін сақтауы, дұрыс тамақтануы және дұрыс ұйқысы маңызды орын алады. Ендеше баланы қалай оңай ұйықтатуға болады?

Ертегі айту. Баланы төсекке жатқызып, жай дауыспен мейірімді ертегі оқу арқылы баланы кітап оқуға баулуға және ұйықтап кетуіне көмектесуге болады.

Бірге жату. Кей балалар анасының қасында жатып ұйықтағанды жақсы көреді. Бұл кезде баламен өзара тығыз қатынасты бекітуге және аздап демалып алуға болады. Бірақ, анасының да ұзақ ұйқыға кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан, баланы ұйықтатып, жасайтын шаруаларыңызды жоспарлап отырсаңыз, бұл әдісті қолданбаған жөн.

Тербеу. Кез келген жаста баланы ұйықтатудың ең оңай жолы – оны тербеу. Оны қолда немесе аяқта тербетсеңіз, жылдам ұйықтап кетеді.

Суға түсіру. Ұйықтар алдында баланы суға түсірсеңіз, ол оңай ұйықтап кетеді. Әсіресе, суға табиғи шөптер қоссаңыз, жақсы әсер береді.

Ән айту. Анасының мейірімді даусына көп балалар бірден ұйықтап кетеді.

Жақсылап қыдырту. Егер балаңыз өте белсенді болса, оны алдымен таза ауаға шығарып, ойнатып, жүгіртіп, біраз шаршату керек. Сол кезде сіздің тырысуыңсыз өзі ұйықтап қалады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!