ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Тері күтімі: Теріні әдемі ететін бірнеше қарапайым әдістер үйреніп алыңыз

Терінің сұлулығын сақтау үшін ең алдымен сіздің бағалы уақытыңызды қажет етеді. Егер сіз тері күтіміне уақыт бөлсеңіз, нәтижесі ұзақ күттірмейді. Ендеше бұл жолы біз сіздерге тері сұлулығын сақтауға көмектесетін бірнеше қарапайым әдістерді ұсынамыз.

Спорт
Сымбатты сыртқы келбетті сақтау үшін қарапайым жаттығулар, йога немесе кардио жасау жеткілікті.  Жаттығу жасау уақыт алғанымен, нәтижесі бірден көрінеді. Тональді кремдер терідегі кей кемшіліктерді жасырады, бірақ олармен күреспейді. Ал спорт олардың алдын алады және ж о ю ғ а ықпал етеді.

Суық су
Су – жастығыңыз бен саулығыңыздың кепілі. Әсіресе, теріге суық су бағалы. Ол теріге тигенде қ а н айналымының қарқынын арттырып, і с і н у д і кетіреді және т о н у с береді. Сонымен қатар, ұйықтар алдында 1 стақан лимон қосылған су ішсеңіз, келесі күні теріңіздің ылғалдандырылғанын байқайсыз. Таңертең де лимон қосылған су артық етпейді. Ол зат алмасуды жақсартады және тері жағдайын бір қалыпта ұстап тұрады.

Сауна
Саунада буда отыру терідегі тереңде жатқан т о к с и н д е р д і ң толықтай шығуына көмектеседі.

Дұрыс ұйқы
Дұрыс ұйықтау терінің сұлулығына ықпал етеді. Қалыптасқан 8 сағаттық ұйқыдан басқа тағы бірнеше ереже бар. Жібек немесе атлас жастықта ұйықтаңыз. Ұйықтарда шашыңызды қатты тартпай өріп жатыңыз немесе бос етіп буып қойыңыз. Себебі шашта да б а к т е р и я л а р мен тозаң болады, олар ұйқы кезінде теріге өтіп, безеудің пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

Тері массажы
Уақытылы массаж жасау тері жасушаларына көбірек оттек жеткізуге көмектеседі. Коллагеннің өндірілуі көбейеді, сонымен бірге тері реңі де жақсарады. Массаж кезінде сүйікті ылғалдандырушы құралыңызды жақсаңыз, тіпті жақсы болады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!