БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Менің анам күн сайын бір қасық даршын қосылған бал жейді. Себебі…

Адамзат бал және даршынмен бұрыннан таныс. Бұл өнімдер дәстүрлі қытай медицинасында айрықша бағаланады. Бал ешқашан бұзылмайды. Ал мыңжылдық бұрын даршынды тек императорлар сыйға алған. Бүгінде олар жалпыға бірдей қолжетімді. Ал екеуінің қосындысы тіптен пайдалы әрі дәмдірек. Бұл жолы бал мен даршын қосындысының ерекше пайдасының дәлелдерін жиысытырып, оқырмандарымызға ұсынғанды жөн көрдік. 

Жүрек қызметін жақсартады 
Бал мен даршын жүрек – қ а н тамырлар а у р у л а р ы н ы ң алдын алуға көмектеседі. Бал қ а н н ы ң жүрекке түсуін күшейтіп, нәтижесінде күретамырлар кеңейеді. Ондағы антиоксиданттар тромбтардың түзілуіне жол бермейді. Мұндай ұйысқан қ а н көп жағдайда жүрек т а л м а с ы, и н с у л ь т к е алып келеді. Даршын «жаман» х о л е с т е р и н деңгейін төмендетіп, «жақсысын» арттырады. Үгілген даршынның бірнеше ас қасық мөлшерін құтыдағы балмен араластырып, күнделікті таңертең нан тіліміне немесе күлше нанға жағып жеңіз. 

Қартаюға қарсы әсер 
Бос радикалдар тіндерді қышқылдандырып, жасушаларды б ұ з а д ы. Ол ерте қартаюға және түрлі а у р у л а р ғ а алып келеді. Антиоксиданттар бос радикалдарды бейтараптандырып, бұл үрдістерді баяулатады. Балдың құрамында фенолдар, ферменттер, флавоноидтар мен органикалық қышқылдар бар. Мұның барлығы – күшті антиоксиданттар. Жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың балдың қошқыл түстілерінде көп екендігін дәлелдеді. Даршында полифенолдар көп. Олар күшті антиоксиданттар болып табылады. Жүргізілген зерттеу жұмысында даршын антиоксиданттар саны бойынша 26 дәмдеуіштерді артта қалдырды. Тіпті, сарымсақ та алдыңғы қатардан көріне алмады. 

Арықтауға көмектеседі 
Бал мен даршынның өзі ғана артық майдан арылуға көмектесуге қауқарсыз. Десе де мүсініңіз сымбатты болғанын мақсат етіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтансаңыз, аталған қоспа жылдам арықтауға себін тигізеді. 

Б а к т е р и я л ы қ ж ұ қ п а м е н күреседі 
Бал да, даршын да б а к т е р и я ғ а қ а р с ы әсерге ие. Сондықтан ол қоспаны тұмау тигенде ғана емес, басқа да а у р у л а р ғ а шалдыққанда қолдануға болады. Бал – табиғи антибиотик. Ерте замандардан оны жарақатты залалсыздандыру үшін қолданады. Ол дефенсин-1 ақуыздары және глюкоза оксидазаларының көмегімен б а к т е р и я л а р д ы ж о я д ы. Даршынның б а к т е р и я ғ а, қ а б ы н у ғ а және саңырауқұлаққа қ а р с ы әсері бар.

Қ а н д а ғ ы қант деңгейін төмендетеді 
Қ а н д а ғ ы қант мөлшерінің артуы көптеген а у р у ғ а апарып соғуы мүмкін. Олардың қатарында сусамыр сынды қауіпті а у р у л а р бар. Балдың глюкоза деңгейін төмендете алатыны дәлелденген. Бал тек 17% судан тұрады. Қалғаны – қант, оның ішінде фруктоза мен глюкоза. Оларды ағзамыз жеңіл сіңіреді және қ а н д а ғ ы қант деңгейі көтерілмейді. Даршын да қ а н д а ғ ы қант деңгейін төмендеті. Оны денсаулығы күшті еріктілер және сусамыр д е р т і н е шалдыққандар қатысқан зерттеу жұмысы көрсетті. Әрине, ол – дәрі емес. Алайда тағамдық қоспа ретінде даршын – өте тиімді. 

Бал таңдаған кезде оған жиі қант, бор, ұн және крахмал қосатынын ескергейсіз. Сондықтан балды тек сенімді сатушылардан алып, тазалығын тексеріңіз. Сүзілмеген және пастерленбеген балды қолданған дұрыс. 

Ал даршын сатып алғанда үгілген түрін емес, даршын таяқшаларын алыңыз. Сонда нағыз цейлон даршынын дәл осы атаумен сатылатын, бірақ пайдалылығы төмен сана өсімдігінен оңай ажыратуға болады. 

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!