БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Шашты жылдам өсірудің ЕҢ керемет әдісін үйреніп алыңыз

Шашыңызды қысқартып қиып тастадыңыз делік. Бірақ біраз уақыт өткен соң қайтадан бұрынғы шаш ұзындығына оралғыңыз келеді. Ендеше, шашты жылдам әрі дұрыс өсіру үшін қандай күтім қажет?

Күннен қорғау. Ыстық күні қалпақ киіп жүруге тырысыңыз. Сонымен қатар, күннен қорғайтын әсері бар шашқа арналған құралдарды қолданыңыз.

Бас терісіне мән беру. Бас терісіне күтім жасау және массаж жасау арқылы шаштың жылдам өсуіне ықпал ете аласыз. Бас терісіне арналған үйден маскалар дайындаңыз немесе бас терісін тазартатын арнайы салондық процедуралар да бар. Егер бас терісі құрғақ болса, құрамында майлары бар құралдар қолданыңыз. Ал егер бас терісі майлы болса, тазартушы құралдарды немесе скрабтарды пайдаланыңыз.

Шаш үлгісіне арналған құралдарды қатты қыздырмау. Құралды қатты қыздырмасаңыз да шаш үлгісі әдемі болып шығады. Сондықтан 180 градустан асырмаған жөн. Өте жоғары температуралармен тек кәсіби мамандар ғана дұрыс жұмыс істей алады.

Жібек жастыққап алу. Жастықтың тысы жібек матадан тігілсе, шашыңыз сирек сынатын болады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!