БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС: Алғашқы көмекті қалай көрсету керек екендігін үйреніп алыңыз

Адам денсаулығына қауіп төніп тұрғанда сабырлы болу өте қиын. Байбаламға салынбас үшін шұғыл жағдайда не істеу керегін білу керек. Ендеше жедел жәрдемге хабарласқаннан кейін не істеуі керек?

Жара
Адам болған соң терісін зақымдайтын нәрселерге жиі ұрынады. Тері ағзаны б а к т е р и я өтуінен қорғап тұрады. Адам ағзасы ж ұ қ п а ғ а сезімтал болып келетіндіктен, жараны бірден өңдеуге тырысыңыз.

Не істеу керек?

  • Қолыңызды антисептикалық сабынмен жуыңыз;
  • Зақымдалған теріні сумен жуып, оған йод немесе жасыл дәрі (зеленка) жағып қойыңыз;
  • Жараның көлеміне қарай оған пластырь жабыстырыңыз немесе оны зарарсыздандырылған бинтпен ораңыз;
  • Қ а н ағысты әлсіздендіру үшін зақымдалған жерді жүректен жоғары көтеріңіз;
  • Егер қ а н қатты ағып жатса, маманға хабарласыңыз.

Сыну немесе буын шығу
Бұлар тәжірибелі дәрігердің өзін шошытатын ең жағымсыз зақымдар. Бірақ байбаламға салынбау керек. Көзбен диагноз қоюға тырыспаңыз: сынық пен буын шығуды тек рентген айыра алады. Бұл екі зақым да қауіпті болғандықтан, бірден жедел жәрдем шақырыңыз.

Не істеу керек?

  • Зақымдалған дене бөлігін қозғауға мүмкіндік бермеңіз;
  • Зақымдалған жеріне салқын бірдеңе басыңыз;
  • Егер қ а н ағып жатса, оны тоқтату керек. Ол үшін жараның үстіне таза мата қойып, үстінен бинтпен ораңыз;
  • Жедел жәрдем келгенше денені қозғамаңыз.

Күйік
Күнге күйіп қалу немесе үстіне қайнаған сұйықтық төгіп алу – күйіктің пайда болуына себеп көп. Егер зақымдалған жер 3 сантиметрден аспаса, тері сезімталдығын сақтаса және тек кішкене қызарса, онда дәрігерге қаралудың қажеті жоқ. Алайда егер тұрмыстық химия себебінен күйік пайда болса, тері күлбіреп кетсе, тері қоңыр/қара түске боялса, сезімталдығын жоғалтса, бірден жедел жәрдем шақырыңыз.

Не істеу керек?

  • Адамды бірден күйік алған жерден әрі алып кетіңіз;
  • Күйікті салқындатыңыз. Ол үшін күйген жерді салқын судың астында 20 минуттай ұстаңыз;
  • Күйген жерге ылғалдандырғыш крем немесе алоэ гелін жағыңыз;
  • Күйікті бинтпен ораңыз, бірақ қатты қыспаңыз;
  • Қ а н айналымды жоғарылату үшін ол адамға су беріңіз.

Суға кету
Суға батып жатқан адамды уақытында байқау маңызды, себебі суға батушыға айқайлау қиынға соғады. Суда жүзіп жүрген балалар әрдайым ата-анасының бақылауында болуы тиіс. Суға батушыны көрген бойда оны судан шығарудың амалын жасаңыз.

Не істеу керек?

  • Ол адамды ішімен тізеңізге жатқызыңыз. Оның басы төменге салбырап тұруы керек;
  • Тыныс алуы мен тамыр соғуын тексеріңіз;
  • Егер тыныс алмай жатса, жедел жәрдем шақыртып, аузына жасанды дем беруді бастаңыз: мұрнын қысып, терең тыныс алып, оның аузына терең тыныс шығарыңыз. 20-30 секунд ішінде жылдам 5-10 тыныс шығарыңыз. Егер кеудесі көтеріліп жатса, жалғастырыңыз: минутына 12-15 тыныс беріңіз;
  • Содан соң оны жедел жәрдем келгенше бір қырымен жатқызыңыз.

Тоққа түсу
Электрлік тіс щеткасының өзінен тоқ соғуы мүмкін. Оның з а р д а б ы тоқтың типіне, кернеуіне және адамның жалпы денсаулығына байланысты. Егер зақымдалушы т а л ы п қалса, тырысып қалса, күйік пайда болса және тыныс алуымен проблема болса, бірден жедел жәрдем шақыру керек.

Не істеу керек?

  • Сізге де тоқ соқпас үшін резеңке немесе былғары қолғап киіп, ол адамды тоқтың көзінен алыстатыңыз;
  • Егер адам т а л м а ғ а н болса, оны шалқасынан жатқызып, үстіне көрпе жауып қойыңыз. Сол кезде қ а н айналым қалыпқа келеді. Жедел жәрдем шақырыңыз;
  • Күйік кезінде барлық қажетті әрекеттерді жасаңыз;
  • Егер тыныс алуы қиындап жатса, аузына жасанды тыныс беріңіз;
  • Егер ол адамның жүрегі соқпай жатса, жүрегіне массаж жасаңыз.

Талып қалу
Күтпеген жерде барлық адам т а л ы п қалуы мүмкін. Оның себептері көп: тымырсық ауа, оттек жетіспеуі, а у р у, аштық, әлсіздік, уайым, қорқу және т.б. Оның қояншық ұстамасынан айырмашылығы – тырыспаның болмауы. Адам талмас бұрын одан бас айналу, жүрек айну, ыстықтау және суық тер секілді белгілер байқалуы мүмкін.  

Не істеу керек?

  • Ол адамды шалқасынан жатқызып, сағатқа қарап, талған уақытын жаттап алыңыз. Егер ол 3 минут өткен соң өзіне келмесе жедел жәрдем шақырыңыз;
  • Киімінің алдын және терезелерді ашыңыз;
  • Қолын және бетін суық сумен салқындатыңыз;
  • Мақтаны мүсәтір спиртіне малып, оның мұрнына жақындатыңыз;
  • Адам есін жиғанда оған қою әрі қанты бар шай беріңіз: ол а р т е р и я л ы қ қысымды және қ а н д а ғ ы глюкоза деңгейін көтереді.

Тұншығу
Адамның тамағына кез келген нәрсе тұрып қалуы мүмкін. Егер ол демала алса, бірақ жөтеліп тұрса, оны тыныштандырып, жөтеліп алуына көмектесіңіз. Кей жағдайда адам тамағын ұстап, демала да, жөтеле де алмайды. Ол кезде алдымен жедел жәрдем шақырыңыз.

Не істеу керек?

  • Бір қолыңызбен оның денесін ұстап, шамалы еңкейтіңіз: екінші қолыңыздың алақанымен арқасынан, жауырын арасын 3-5 рет ұрыңыз;
  • Ол адамның артына жабысып тұрыңыз. Жұдырығыңызды кіндігінен сәл жоғары қойыңыз. Ал екінші қолыңызбен жұдырықты ұстап, ішін жай қысыңыз.
  • Егер ол әлі де тыныс алмай жатса, 5 рет жасанды тыныс жасаңыз. Содан соң оны бір қырымен жатқызыңыз.

Кез келген жағымсыз жағдайдан соң ол адамды тыныштандырып, онымен жай сөйлесіп, жақын арада жалғыз қалдырмай, жанынан табыла біліңі

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!