ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Табысқа жетуге кедергі болатын 10 жаман әдет

Біздің өмірімізде әрқашан жаман әдеттер болады. Мүмкін біз бұл әдеттерді көңіл-күйімізді жақсартудың әдісі ретінде қабылдаймыз. Бірақ олай емес. Сізге жаман әдеттерден арылу керек, өйткені олар сізді әрдайым сәтсіздікке апарады және сіздің ағзаңызға кері әсер етеді.

#1. Кеш ұйықтау
Барлығы ерте тұрудың пайдаларын біледі. Алайда, тым кеш ұйықтағаннан болып, жұмыста немесе мектепте шала ұйқыда, өздеріне зиян келтіріп жүретіндер өте көп. Себебі, ұйқының мөлшерін дұрыс ала алмайтын адамдардың жаңа идеялар туралы ойлау және шоғырлану қабілеті төмендейді.

#2. Кофені шамадан тыс тұтыну
Күніне бір кесе кофе сізге қуат бере алады. Бірақ сіз кофе ішкіңіз келген сайын тәуелді болып іше беруге болмайды. Көп кофе ішу сіздің өміріңізге оң әсер етпейді. Сондықтан сіз денсаулығыңыз үшін қайнатылған су немесе шай ішуіңізге кеңес береміз.

#3. Басқаларға шағымдану
Бірдеңе дұрыс болмаса басқаларға шағымдану сізге көмектеспейді. Керісінше, өмірдің қиыншылығына төзе білу және өз ісіңізге жауапкершілікпен қарауыңыз керек.

#4. Басқалардың пікіріне тәуелді болу
Сіздің проблемаңызға ең маңызды әсер ететін фактор – бұл сіздің шешімдеріңіз бен пікірлеріңіз. Басқалары не десе де, сіз дұрыс деп санағаныңызға сеніп, дұрыс шешім қабылдауыңыз керек. Осылайша, сіздің ісіңізге басқа адамдар ешқашан араласпайды.

#4. Өзіңізді төмен санау, басқалардың көңілінен шығуға тырысу
Адамдар өзін төмен санау әдетіне көп мән бермейді, бірақ бұл ең жаман әдет. Өзіңіз туралы жаман сөздер айтсаңыз, өз құндылықтарыңызды жоғалтып аласыз. Сондықтан сіз өзіңізді сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен және үмітпен қолдауыңыз керек. Өзгелерге ұнау үшін тырысудың қажеті жоқ. Мұны неғұрлым көп жасасаңыз, соғұрлым көп уақытты жоғалтасыз.

#5. Кейінге қалдыру
Бұл өте көп адамда бар жаман әдет. Кейінге қалдыру өте оңай нәрсе. Мүмкін өзіңізге уақыт бөлу үшін жұмыстарыңызды кейінге қалдыраттын шығарсыз. Егер сіз жұмыс кестесін белгілеп, оған сәйкес жұмыс жасасаңыз, сізде бос уақыт көп болады.

#6. Жағымсыз жағдайлардан аулақ болу
Табысты адамдардың ешқайсысы әрқашан жайлы ортамда болған емес. Олар әрдайым ізденіп, күресіп және алдынан шыққан кедергілерді жеңетін. Басқаша айтқанда, оңай ештеңе жоқ. Бірақ сіз күресуіңіз керек, өйткені жағымсыздық пен сәтсіздік уақытша.

#7. Жаман көзқараста болу
Егер сіз пессимист және дөрекі болсаңыз, табысқа жету өте қиын болады. Осыған байланысты адамдар сізді жұмысқа алмайды, сізге қосылудан бас тартады, тіпті сізбен достасудан да аулақ болады.

#8. Кешігу
Кейбір адамдар кешіккенді, басқалардың күткенін ұнатады. Алайда, бұл сіздің жұмысыңызға байыпты қарамайсыз деген қорытындыны шығаруы мүмкін. Клиенттер мен әріптестерге дөрекі болып көрінуі де мүмкін. Бұл сондай-ақ сіз кездесетін адамның уақытына деген құрметсіздікті көрсетеді.

#9. Әлеуметтік медианы шамадан тыс пайдалану
Адамдар Фейсбук пен Инстаграмда көп уақытты босқа өткізіп жатыр. Егер сіз олардың қатарында болсаңыз, сіз де басқалар сияқты табысқа ешқашан жете алмайсыз. Себебі Интернетте назар аударатын нәрселер өте көп. Сондықтан интернетті пайдалану уақытын қысқарту керек.

#10. Сылтау айту
Кинорежиссер Кейси Нейстат осы тақырып бойынша ең жақсы кеңес беретіндердің бірі. Ол «Әркім өз мақсатына жету жолында кедергілерге тап болады, олар армандарын жүзеге асыру үшін кедергілерді жеңу керек. Ешқандай сылтаудың қажеті жоқ.» – деген. Кедергілер сіздің арманыңыздан бас тартуға себеп болмайды.

Әрине, бұл әдеттерден бірден бас тарту қиын, бірақ кем дегенде бір айда бір әдеттен арылуды көздеңіз. Жаман әдеттерден арылған кезде сіздің өміріңіз біртектес және креативті болады. Және сіз табысқа жетесіз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!