БІЛІМ

Қалампыр – Ол ең үздік дәмдеуіш. Оны дәмдеуіш ретінде қолданудың БЕС себебі

Қалампыр даршын немесе зімбір сияқты танымал емес. Бірақ денсаулық пен сұлулыққа пайдасы жағынан олардан кем түспейді. Ендеше бұл жолы біз сіздерге қалампырды тамаққа қосудың пайдалы тұстарын ұсынамыз.

1. Қалампыр иммунды жүйені көтеруге көмектеседі
Қалампыр бізге ж ұ қ п а м е н күресуге көмектесетін лейкоциттер мөлшерін арттырады.

2. Қалампыр марганецке бай
Қалампыр – марганецтің негізгі көзі. Марганец кальциймен бірге сүйектер мен буындар денсаулығына жауап береді. Марганец сүйек тінінің түзілуіне қатысады және сүйектер тығыздығын арттырады.

3. Қалампыр қ а н д а ғ ы қант деңгейін қалпына келтіреді
Зерттеулер бойынша, қалампырды дәмдеуіш ретінде тамаққа уақытылы қолданған адамдардың біртіндеп глюкоза деңгейі қалпына келетіні байқалған. Ғалымдар оның құпиясын қалампыр құрамындағы марганецпен түсіндіреді.

4. Қалампыр тіс а у р у ы н жеңілдетеді
XIII ғасырдың өзінде қалампырды ауыз қуысының ауырсынуын басуға қолданған. Оған себепші – оның құрамындағы эвгенол заты. Сондықтан күнделікті тіс тазартуға құрамында эвгенолы бар немесе қалампыр сығындысы бар тіс пастасын қолдануға болады.

5. Қалампыр – антиоксиданттар көзі
Өсімдіктер мен дәмдеуіштер – антиоксиданттардың керемет көзі, оның ішінде қалампыр үздіктерінің біріне жатады. Антиоксиданттар жастықтың негізгі «қорғаушылары». Олар тері жасушаларын әлсірететін бос радикалдарды бейтарапсыздандырады. Зерттеулер қалампырдың антиоксиданттық қасиеттері қауіпті і с і к т е р д і ң алдын алатынын дәлелдеді. Сондықтан а у р у л а р д ы ң алдын алу мақсатында қаламыпрды тамаққа жиі қолдану керек.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!