БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАР

Егер балаңыз екі жасқа толмаған болса бұл тағамдарды беруге болмайды

Барлық ата-ана баласына берген тағамын еш күштеусіз, өз еркімен жегенін қалайды. Ата-ана өзі нені пайдалы деп санаса, баласына да соны береді. Бұл кейбіреулер үшін «балалар үшін арнайы өндірілген тағам» болса, енді бірі үшін ата-анасының бақшасында ғана піскен алма, ал енді біреулер үшін қайнатылған картоп пен қатырылған авокадо. Сіз балаңызға не берсеңіз де, оның сапалы өнім екеніне көзіңіз жететіндей болсын.

Ендеше 1-2 жасқа толмаған балаларға беруге тыйым салынған тағамдардың нақты тізімін ұсынамыз:

1. Тұз және тұзы көп тағамдар. Бір жасқа дейінгі балалар тәулігіне 1 грамм тұз тұтынса да жетеді, ал жастан асып, екі жасқа жетпеген балалар үшін бұл көрсеткіш 2 граммнан аспауы керек.

2. Сутектендірілген май және осы маргарин қосылған барлық тағам. Балаларға арналған печеньенің, қытырлақтың, тоқаштардың құрамын мұқият оқыңыз, маргарин қосылса, алмаған жөн.

3. Көшеде сатып тұратын үйде әзірленген печеньелер де маргариннен жасалған болуы ғажап емес.

4. Қант және қант қосылған, әсіресе өндірістен шыққан қантты тағамдар, тәтті қауыз, кәмпит және басқа да өндіріс тәттілері. Бірақ үйде пісірілген тәттілер құрамындағы аздаған қант балаға соншалықты зиян емес.

5. Балық, ет консервісі.

6. Жасанды қоспалар, бояғыштар, консерванттар, натрий глутаматы – бұлар үзілді-кесілді тыйым салынатын өнімдер екені түсінікті.

7. Майлы, қуырылған, ащы тағамдар.

8. Фастфуд, дайын мұздатылған тамақ, өндіріс тұшпарасы, вареник, мұздатылған дайын пицца, шаурма, фри картобы, құрамында кофеин бар сусындар балаға берілмейді.

Дастарқан үстінде не тұрса, бала соған қол созып, өзі үшін бейтаныс тағамдардың барлығынан дәм татқысы келеді. Сол себепті өздеріңіз жейтін тағамдардың да сапасына аса мән беріңіз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!