БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Қаймақ бет терісіне өте пайдалы. Қаймақтан жасауға болатын маскаларды ұсынамыз

Қаймақтың құрамындағы минералдар, дәрумендер мен сүт майы бет терісіне оң әсер етеді. Қаймақтан жасалған маскадан соң солған тері тартылып, құрғақ тері ылғалданады. Ал майлы тері күңгірт бола түседі.

Егер сіздің теріңіз құрғақ болса, ең майлы қаймақты таңдаңыз. Ал теріңіз майлы болса, май үлесі төмен қаймақты алыңыз.

Ең қарапайым әдіс – қаймақтың өзін бетке қалың етіп, бірақ көз айналасына тигізбей жағу. Оны бетте 15 минуттай ұстап, сумен жуып тастайсыз. Маска әсерін күшейту үшін оған басқа да ингредиенттер қосуға болады.

Майлы теріге арналған маска
1 ас қасық қаймақты 1 жұмыртқаның ағымен және 1 ас қасық кез келген цитрус шырынымен араластырыңыз. Жұмыртқаның ағын қаймақпен бірге миксермен араластыруға болады. Бұл масканы бетте 15 минут ұстап, содан кейін суық сумен шайып тастаңыз.

Құрғақ теріге арналған маскалар
1-рецепт:
Құрғақ және қалыпты теріні ылғалдандыру үшін 1 ас қасық қаймаққа 1 ас қасық үккіштен өткізілген қияр қосыңыз. Бұл қоспаны бет терісіне жағып, 15 минут ұстаңыз.

2-рецепт: 1 ас қасық қаймақты, 1 жұмыртқаның сарысымен және 1 ас қасық үккіштен өткізілген сәбізбен араластырыңыз. Бұл масканы 15-20 минуттан соң жуып тастаңыз.

3-рецепт: 1 ас қасық езілген банан мен 1 ас қасық қаймақты араластырып, бетте 15-20 минут ұстаңыз.

Барлық тері типіне арналған маска
1 ас қасық қаймаққа 2 ас қасық алоэ шырынын құйыңыз. Оны бетте 10-15 минут ұстаңыз. Қаймақ пен алоэ теріні сергітеді, тыныштандырады және жұмсартады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!