БІЛІМ

Дүкеннен сатып алған өнімнің табиғи екенін қалай білуге болады. Үйреніп алыңыз

Азық-түлік таңдағанда үйге барынша дәмді әрі пайдалы табиғи өнімдер әкелуді жөн көреміз. Алайда қазіргі дамыған заманда азық-түліктің түрі өте көп. Компаниялар бір-бірімен жарыса өз өнімдерін «табиғи» және «органикалық» деп ұсынады. Бірақ мұндай жазуы бар тағамдардың құрамы атауына сәйкес келе бермейді. Сондықтан жасанды өнімді анықтауды үйрену маңызды.

1. Бал
Барлық адам бірдей табиғи балды бір көргеннен анықтай алмайды. Бірақ бұл пайдалы тәтті тағамның табиғи түрін соямен немесе крахмалмен араласқан түрінен ажырата білу маңызды. Көмекке тағы да йод келеді. Оның бірнеше тамшысын балға тамызыңыз. Егер ол түсін өзгертпесе, ол – табиғи бал. Егер көгеріп кетсе, ол – крахмал қосылған жасанды бал.

2. Қаймақ
Бұрын қаймақтың табиғилығын анықтау үшін көпшілік оның консистенциясына қарайтын: оның қою болғаны жақсы деп саналатын. Алайда соңғы жылдары өндірушілер бұл критерийді де өзгертуді үйренген. Олар қаймаққа жасанды қоюлатқыштар қосады.

Қаймақтың жасандылығын анықтау үшін оның бір қасығын қайнаған суы бар стақанға салыңыз. Егер ол біртекті еріп, стақандағы су сүтке ұқсап бара жатса, оның табиғи өнім екенін білдіреді. Ал егер қаймақ стақанға тұнба болып қалса, оның жасанды қосымшалары бар.

3. Шұжық тағамдары
Шұжықтар көбіне табиғи бола бермейді. Шұжықта негізінде қанша ет барын анықтау оңай емес, бірақ өзіңізді з и я н д ы қосымшалардан қорғауға болады.

Шұжық құрамынан табуға болатын қ а у і п т і ингредиент – ол к а р р а г и н а н. Оны жиі қолдану бүйрек жұмысына жағымсыз әсер етеді. Бұл ингредиентті өнімде ылғалды ұстап тұру үшін қолданады. Ол сондай-ақ өнімнің салмағын арттырады.

Сонымен қатар, басқаларына қарағанда вакуумды қаптамадағы шұжықты аларда абай болу қажет. Мұндай әдіспен қапталған шұжықты сатып аларда оның үстінен қатты басып көріңіз. Егер басқан кезде пакет ішінен сұйықтық көрінсе, өнімнің көп бөлігін к а р р а г и н а н ұстап тұрған су құрайды.

4. Кілегей майы  
Кілегей майының құрамына жиі қосылатын қосымша – өсімдік майлары. Олар қосылған өнім май деп аталмауы керек. Ол маргарин болуы керек. Бірақ өндірушілер өнім маргарин болса да, оның сыртына кілегей майы деп жазады.

Оны анықтау үшін сатып алған майдың кішкене бөлігін ашық күйінде біраз уақытқа қалдыру жеткілікті. Егер өнімнің үстіне сұйықтық тамшылары пайда бола бастаса, алдыңызда тұрған маргарин.

5. Ірімшік
Дүкен сөрелері ірімшіктің түрлі сұрыптарымен толып тұр. Бірақ егер ірімшік өте ашық сары немесе қызғылт-сары түсті болса, оның құрамында калий селитрасы болуы мүмкін. Ол бұлшықеттерге,  жүрекке және бүйрекке к е р і әсер етеді.

Сонымен қатар, кейде өндірушілер ірімшікке крахмал қосады. Бұл затты анықтауға йод көмектеседі. Ірімшікті кесіп, оның бөлігіне бірнеше тамшы йод тамызыңыз. Егер ол көгеріп кетсе, оның жасанды болғаны. Келесіде ол фирманың ірімшігін алмауға тырысыңыз.

6. Сүт
Сүт те басқа сүт өнімдері секілді жиі жасанды болып келеді. Ол ұзақ сақталуы үшін табиғи өнімді құрғақ сүтпен немесе консерванттармен араластырады. Табиғи сүтті ажырату оңай: оған бір ас қасық қаймақ салыңыз. Егер өнім органикалық болса, біраз уақыттан соң ол айранға айналады. Сондай-ақ сүтті аларда оның жарамдылық мерзіміне қараңыз. Нағыз табиғи сүт 5 күннен артық сақталмайды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!