БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАР

Билл Гейтс мектепте үйретпейтін 11 нәрсені атап өтті

Билл Гейтс, әлемдегі ең бай адамдардың бірі, мектепте үйретпейтін 11 нәрсені атады.

Олар:

#1. Өмір әділ емес екенімен мойындау.

#2. Әлем сіздің өзіңізді сезіміңізге мән бермейді, ол сіздің жақсылығыңыз бен беделіңізді арттырмас бұрын сізден біраз жетістікті талап етеді.

#З. Оқу бітіргеннен кейін сіздің жұмысқа кіру кірмеуіңіз екіталай. Егер сіз еш еңбектенбеген болсаңыз, компанияның бас директоры бола алмайсыз.

Bill Gates speaking to staff at the UK’s Department for International Development, London, 18 October 2010

#4. Егер сіз мұғаліміңізді қатал және талапшыл деп ойласаңыз, бастықты болу үшін біраз уақыт күткеніңіз абзал. Мұғалімнен айырмашылығы, бастық берілген тапсырманы қалай жасайтыныңызға байланысты айлық алу алмауыңызды шешеді.

#5. Базарда сауда-саттық жасау сіздің беделіңізді төмендетеді деп ойламаңыз. Сіздің ата-бабаларыңыз кез-келген жұмысты жасап, тіпті ең жаман жұмысты да жақсы мүмкіндікке айналдырған.

#6. Әрбір сәтсіздік үшін ата-анаңызды кінәлауға асықпаңыз. Өзіңіздің сәтсіздіктеріңіз үшін көңіліңізді түсірмеңіз, бірақ өз қателіктеріңізден сабақ алыңыз.

#7. Сіз туылмас бұрын сіздің ата-анаңыз сіз ойлағандай іш пыстыратын адамадар болмаған. Олар сіздің балалық шағыңызды алаңсыз өткізгеніңізді қалайды. Сол үшін күресіп келеді.

#8. Сіз мектепте емтиханды қалағаныңызша бере аласыз. Бірақ бұл шынайы өмірде мүлдем өзгеше. Өмірде емтиханды бір рет қана тапсыратындығыңызды түсініңіз.

#9. Өмір төрт мезгілге бөлінбейді, жазғы демалыс деген жоқ. Өте аз жұмыс берушілер сіздің «Өзіңізді» табуға көмектеседі.

#10. Шынайы өмірді теледидардағы өмірмен шатастырмаңыз! Шындығында, адамдар көп уақытын кафеде емес, жұмыста өткізеді.

Соңғы сөзі:

#11. Көзілдірікті «ақылды»-лармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Мүмкін олардың бірі кейін сіздің бастығыңызға айналатын шығар.

Қысқасы, сіз жас болсаңыз да, уақыт сізді ешқашан күтпейді. Сізге көп нәрсе үйрену керек. Сіз алтын сияқты қымбат ата-анаңызды сүюіңіз керек, сонымен қатар мектепте уақытты босқа өткізбей, өз-өзіңізді дамыту мен қатар білім алуды тоқтатпаңыз. Егер сіздің мұғаліміңіз мұны істей алмаса, оларға талап қойыңыз.

Егер сіз көп еңбектеніп, мақсатыңызға адал болсаңыз, өмір сізді ешқашан марапатсыз қалдырмайды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!