БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАР

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі ұйқысыздық жайлы

Ұйқы — ол тамақтану, таза су секілді адамның өмірі үшін маңызды үдерістердің бірі. Ұйықтау арқылы ағзаның иммундық жүйесі реттеледі, в и р у с пен б а к т е р и я л а р д ы жеңу мүмкіндігі артады. Одан бөлек жүрек секілді өзге де маңызы зор ағзаларадың жұмысын реттейді. Ұйқысыздықпен кез келген адам өмірінде бір рет болсын кездеседі. Дегенмен ұйқы режимінің б ұ з ы л у ы жиілесе, оның да берер өз салдары бар.

Жүрек: 
Ұйқысыздықпен қатар жүретін белгілердің бірі — жүрек соғысы мен қ а н қысымының артуы. Ұйқы кезінде қысым азайып, жүрек тыныштық жағдайына келеді. Егер ұйқыңыз дұрыс болмаса, соғұрлым и н ф а р к т алу мүмкіндігіңіз жоғары болады. 

Артық салмақ:
Ұйқының қанбауы артық тамақ жеуге себеп болады. Дұрыс ұйқы кезінде ағза демалып, керекті күш пен энергия жиып алады. Егер ұйқы жетпесе, жетіспейтін энергияны калориясы жоғары тағамдар арқылы толтыруға тырысады. Сондықтан, ұйқысыз түннен кейін адамдардың басым бөлігі тез тарқайтын көмірсуға бай тағамдарға тәбеті тартып тұрады.

Шашыраңқы ой:
Ұйқының жетіспеушілігі жүйке жүйесінің а у р у ы мен мидың жұмысқа қабілеттілігіне әкеледі. Адамдардың қоршаған ортада болып жатқан нірсеге реакциясы баяулайды, қысқамерзімді жады зардап шегеді, ойын жинақтай алмайды. Реакциясы баяулағандықтан кейде көлік жүргізуге де тыйым салады.  

Бет терісі:
Алғашқы өзгерістер бірден сырттай байқалады. Сондықтан, бірнеше күн дұрыс ұйықтамаған жағдайда алғаш болып з а р д а п ш е г е т і н сіздің бет теріңіз. Тері сапасы б ү л і н і п, түрлі қ а б ы н у л а р, безеу мен әжім пайда болады. Көз асты қарайып, і с і п кетеді. Егер бет теріңіздің күрт нашарлап кеткенін байқасаңыз, косметолог көмегінен бұрын, ұйқы мәселесін шешуге тырысып көріңіз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!