БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Әжем иммунитетті нығайту үшін зімбір шырынын ішеді. Бұл шырынды сіз де дайындап ішіңіз

Зімбір — татымды ингредиент. Шығыста танымал бұл дәмдеуіш әлемді бірегей дәмімен және емдік қасиеттерімен ж а у л а д ы. Зімбірдің жаңа піскен түрі де, ұсақталған түрі де — ағзаға қ а б ы н у ғ а қ а р с ы, сергітуші және қатайтушы әсер беретін дәрумендердің, микроэлементтердің және эфир майларының көзі. Құрамындағы аскорбин қышқылы, В дәрумені, мырыш, кальций, йод және табиғи антибиотиктердің арқасында зімбір иммунитетті қатайтады. Ендеше ағзаға пайдасы өте көп зімбір шырынын қалай дайындайды?

Зімбір шырынын дайындауға бірнеше зімбір тамыры (шамамен 500 гр) мен 1,5 стақан су қажет. Алдымен зімбірді тазартып, бірнеше бөлікке бөліп, блендерге салыңыз. Оған су құйып, оны ұсақтаңыз. Қоспа қоюланғанша араластырыңыз. Блендер болмаса, зімбірді үккіштің ұсағынан өткізуге болады. Пайда болған қоспаны дәкеге салып, шырынын сүзіп алыңыз. Зімбір шырынын қақпағы бар әйнек немесе керамикалық бөтелкеге құйып, тоңазытқышта сақтаңыз.

Егер сізде асқазан проблемасы болмаса, оны сумен араластырып ішуге болады. Сондай-ақ оны дәміне қарай кез келген шайға құйып іше аласыз. Ұйықтар алдында айранға бір қасық зімбір шырыны мен аздап даршын қосып ішуге де болады. Сонымен қатар, зімбір шырыны етті тағамдарға арналған тұздықтар мен маринадтарға ерекше дәм береді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!