БІЛІМ

Егер ұзақ өмір сүруді қаласаңыз бұл заттардан аулақ болыңыз!

Барлық адам ұзақ ғұмыр сүргенді қалайды. Өмір жолыңызда бақытты, деніңіз сау, көңілді болып, ұзақ жасағыңыз келсе, мына заттардан аулақ болыңыз.

Жылдам жеу әдеті
Түскі асты мүмкіндішінше тез жеуге тырысасыз ба? Бұлай сіз денсаулығыңызға үлкен з а р д а п тигізесіз. Артық салмақ өмір жасын орташа есеппен 10-15 жылға қысқартады. Ереже бойынша бір үзім тамақты 40 рет шайнау керек.

Дұрыс тамақтанбау
Адам ағзасына артық салмақ та, пайдалы заттардың тапшылығы да бірдей з и я н. Дұрыс тамақтану үшін, рационыңыз түрлі болып, құрамында дәрумендер мен пайдалы заттар болуға тиіс. Консерванттар мен бояғыш заттарға толы дүкеннің тағамынан бас тартып, табиғи жемістер мен көкөністерді жеңіз.

Депрессия
Стреске берілгіш адамдардың психикасы з а қ ы м д а н а бастайды. Адам ұзақ өмір тұрмақ, бүгіннің мағынасын таба алмай, өз денсаулығын жастайынан құртады.

Өтірік айту
Өтірік айтуға дағдыланған адам өз сөздеріне мұқият болып, өтірігі шығып қалмауын бақылайды. Бұл адамның жүйкесі тозып, ылғи уайымда өмір сүреді. Әрине бұл да өмір жасын қысқартады.

Ашу-ыза
Ашу үстіндегі адамның көңіл-күйі болмайды. Оның көкейнде қызғаныш, ашу сезімдері болады. Бұндай кісілер ортасына сүйкімсіз болып қана қоймайды, бұл қасиет олардың өздеріне де өте з и я н. Жүйке жүйесі ылғи қозып, ашуы оны ішінен жейді. Қартайғанда бұндай адамның жаман а у р у л а р ы болуы әбден мүмкін.

Ұйқы бұзылуы
Күнделікті ұйқының қанбауы ақыр соңында денсаулыққа үлкен з а р д а п тидіруі мүмкін. Күніне 7-8 сағатты міндетті түрде ұйқыға арнаңыз. Алайда кейбіреулерге ұйқысын қандыруға 9-10 сағат қажет болуы мүмкін. Бұзылған ұйқы д и а б е т, г и п е р т о н и я мен артық салмақтың тез жиналуына әкеледі.

Жалғыздық
Ғалымдардың айтуынша, артық салмақ, і ш і м д і к, т е м е к і л е р д е н гөрі адам баласына жалғыздық з и я н екен. Күндерін отбасы, туыс, достардың арасында өткізетіндердің кәрілікке жету мүмкіндіктері 1,5 есе жоғары. 

Қимылсыз өмір тәртібі
Қазіргі балақайлар мен жастардың әрқайсысында созылмалы а у р у түрлері кездеседі. Бұл олардың күні физикалық белсенділіксіз өтуінің жемісі. Компьютер мен теледидардың қ ұ р б а н д а р ы болған біз, таза ауа, қимылдардың рахатынан қалдық. Ұзақ өмір сүргіңіз кесе, далада жиі серуендеп, белсенді спорт түрімен күнделікті айналысыңыз. 

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!