БІЛІМ

15 минутта ми жұмысын осылай жақсартуға болады! ҮЙРЕНІП АЛЫҢЫЗ

Әр адамның басынан өтіп тұратын жағдай: Аз уақыт аралығында барлық шаруаны тындыру. Ал сіздің шаруа атаулыны сүріне жүріп тындырып тастағыңыз келеді. Бірақ, мүмкін емес! Міндетті түрде демалыс қажет. Ендеше сондайда не істеу керек?

Ол үшін күшті тез арада қалыпқа келтіретін әдісті қолданасыз. Егер ағзаңыздың тым қатты шаршағаны сезілсе, онда кофе көмектеседі. Бар-жоғы 15-20 минуттың ішінде сіздің ақыл-ойыңыз толықтай қалыпқа келіп үлгереді. Өзіңіз-ақ алып қараңыз, ешқандай физикалық немесе материалдық шығын кетпейді. Қаншалықты шаршасаңыз, соншалықты қуаттылықты сезінетін боласыз.

Кофені ішіп алған бойда 15-20 минут аралығында көз іліп алыңыз. Дәл осы уақыт аралығында кофе асқазанға жетіп үлгеріп, сергектік сыйлауға тырысады.

Ескерте кететін болсақ белгіленген уақыт мөлшерінен артық ұйықтауға болмайды. Себебі, 15-20 минут аралығында жеңіл ұйқы фазасы орын алса, одан ары қарай жоғары фаза кезеңіне кетіп қалады. Содан соң ұйқыдан тұрудың қаншалықты азап екенін түсініп көріңіз.

Бәрін ойдағыдай, ойға алғандай істеп шықсаңыз, онда ұйқыдан тұрған бетте жақсы демалып қалғаныңызды сезінесіз. Әрине, ағза өзін толыққанды жақсы сезінбеуі мүмкін, алайда, ми бөлігі жұмыс істеуге сақадай-сай тұрады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!