ЖАҢАЛЫҚТАРПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Дәрігерлер қыста бүйрек етін жеуге кеңес береді!

Дәрігерлер суық күндері қандай өнімдерді тұтыну керектігі жайлы айттты. Сондай қажетті тағамдардың көшін кәдімгі бүйрек бастап тұр. 

Бүйрек – қыста көкөністер мен жемістердің орнын басатын бірден-бір тағам. Дәрігерлер мұны жануарларға жасаған зерттеуінде анықтады. Жануарларды үш топқа бөлді: біріншілерін қарапайым жеммен, екіншілерін В дәрумені бар азықтармен, ал үшіншілерін шикі бүйрекпен қоректендірді.

Бір апта өткен соң, жануарларды суық суға салды да, олардың қаншалықты суыққа төзімді екендігін тексерді. Алғашқы және екінші топтағылар, яғни жем мен В дәрумені бар өніммен қоректенетін жануарлар 15 минут қана суық суда тұруға шыдаған. Ал бүйрекпен қоректенген жануарлар 90 минутқа дейін суық суда тұра берген. 

Бүйректе В дәруменімен қатар, D, С, Е, К дәрумендері де, аскорбин қышқылы да, темір де кездеседі. Күніне бүйрек етін бір рет жеудің өзі дәрумендердің күндік өлшемін толықтырып отырады. Әсіресе нәлім балығының (солтүстік теңіздерде болатын балық) бүйрегінің берері зор. Өйткені онда көз көру жүйесін жақсартатын А дәрумені мен бұлшық ет жұмысын жақсартатын D дәрумендері мол.

Сондықтан суыққа төзімді болу үшін қыстыгүндері бүйрек етін пісіріп жеуден қашпағайсыз!

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!