БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Күні бойы сергек жүру үшін осы әдістерді пайдаланып көріңіз

Әр таң сайын сізді оқу, жұмыс секілді басқа да шаруалар күтіп тұрады. Таңмен бірге бірінші кезекте сізге сергектік қажет. Ендеше сергек болу үшін кофе ішу жеткілікті ме? Әрине, жоқ.

Адамзаттың 56%-ы таңғы сергектікті кофе стақанынан іздейді. Бірақ заманауи өмірдің қарқынын есепке алатын болсақ, жалғыз кофе жеткіліксіз. Күні бойы және әсіресе, таңмен сергек болу үшін біздің бұл кеңстерді біліп жүріңіз.

Төсектен тез тұру
Оятарды 5 минут кешірекке ауыстырып, «тағы да кішкене» деп жылы төсекте жатасыз ба? Бұл көбіміз үшін әдетке айналып кетті. Қосымша бірер минут ешқашан сіздің ұйқыңызды қандыра алмайды, ұйқыңыз б ұ з ы л ы п, таңмен тұру сіз үшін нағыз қиындыққа айналады. Оятарды кешірек уақытқа қойыңыз, алайда оның бірінші дыбысынан-ақ бірден төсектен тұруды әдетке айналдырыңыз.

Жарық
Жарық – біздің биологиялық сағатымызды іске қосудың табиғи құралы. Шыққан күннің көзі бізге таң атқанын білдіріп, ұйқыдан тұрғызады. Күз, қыс мезгілінде күннің көзі ерте шықпайды. Бұл кездері оянған бойда бөлменің жарығын қосыңыз. Жарық сергектік беретін гормонды «оятып», сергектік сезімін береді.

Су
Түнімен су ішпей шөлдеген ағзаңызға таңмен су ішу керек-ақ. Аш қарынға ішілген бір стақан су асқорыту жұмысын іске қосып, реттей бастайды. Таңғы асқа дейін де, кейін де су ішіп жүріңіз.

Ақуызға толы таңғы ас
Ақуыз ми жасушаларының жұмысына көмектеседі. Нәтижесіде тезірек оянып, сергектікті сезінесіз. Қуырылған жұмыртқа немесе кешке пісіріп дайындаған ет таңғы ас үшін мінсіз нұсқа.

Қозғалыс
Таңғы жаттығулардың қажеттілігін бізге сонау балабақшадан айтып келеді. Алайда заманауи адам таңмен жаттығу жасағанның орнына теледидар қарау, макияж жасау сынды маңыздырақ істер табады. Бірнеше минут жаттығу сізге күні бойына сергектік беретіні рас. Осы теорияға бір күніңізді бөліп, тәжірибе жасап көріңізші. Таңғы жаттығулар өзіңізге ұнап, артынан әдет болып кетеді деп сенеміз.

Түнгі ас
Түнге қарай майлы тамақ жеу келесі таңыңызды қиын қылады. Шаршағандықты сезінесіз, әрі бұл артық салмаққа да әсер етеді.

Ұйқы
Әрине күндіз сергек жүру үшін түнде көбірек ұйықтау керек. Қалыпты ұйқыңызға 45 минут қосыңыз. 

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!