БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАР

Дәрігерлер сары майды үнемі пайдалануға кеңес береді. /Сары майдың пайдасы/

Барлық адамның күнделікті рационының ажырамыс бөлігі – сары май. Оның құрамында х о л е с т е р и н бар деп қорқып, өсімдік майларымен алмастырған жандар неден құр қалады? Сары майдың пайдасы қандай? Ендеше бұл жолы біз сіздерге сиқырлы сары майдың пайдаларын ұсынамыз.

Дәрумендер
Сары майдағы А, D, E, K дәрумендері терінің жұмсақтығы, шаштың әдемілігі мен тырнақтың саулығына үлкен әсер етеді. Мысалға айтсақ, А дәрумені майлардың арасында тек осы сары майда бар. Күніне желінген 50 грамм май көз бен сүйек саулығына кепіл бола алады. Иммунитетті жақсартатын майды суық маусымда 60-70 граммға дейін көбейткен дұрыс. А дәруменіне байланысты май тыныс мүшелерін ішінен «майлап», ж ө т е л д і емделуді тездетеді. Ал Е дәрумені қ а н тамырларын тазалап, берік қылады, шаршағандық сезімін басады.

Ми жұмысы
Сүттің майлары адам ағзасындағы жасушалар алмасуы үшін өте маңызды. Бұндай қосылыстар әсіресе мида көп. Сары майдан толықтай бас тарту ми жұмысындағы қиындықтарға әкеле алады.

Жылу мен күш-қуат
Сары май сүт майының концентраты болып табылады. Ал май бірінші кезекте жылудың қайнар көзі. Майдың бұл қасиеті әсіресе суық кезеңде пайдалы. Әрине сары май калориялығы өте жоғары, оған қоса майлары ағзаға оңайлықпен сіңеді. Бірақ сары майдың бұл қасиеттерін де өзіміздің пайдамызға асыруға болады. Таңғы ас құрамына дәстүрлі нан мен май бутерброды өте орынды. Бұл тіпті арықтап жүретін қыздарға да артық болмайды, күніне 30 граммнан артық емес май сіздің салмағыңызға еш әсер етпейді.

Х о л е с т е р и н
Мұны бұрыннан бері денсаулыққа з и я н ы бар зат деп санаймыз. Бірақ қажетті мөлшерде х о л е с т е р и н ағзамызға өте қажет. Ағзаның х о л е с т е р и н д е г і қажеттілігін басу үшін сары майды күніне 30 грамм шамасында қабылдау керек.

Көңіл-күй
Бәріміз де шоколад құрамында бақыт г о р м о н ы серотонин бар екендігін білеміз. Алайда бұл г о р м о н сары май құрамында да бар екендігін біле бермейміз. Серотонин тек көңіл күйді көтеріп қана қоймай ұйқыны реттеп, а у р у сезімін, аштықты баса алады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!