БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Тіс жұлғаннан кейін қандай әрекет істеу керек? САҚТАП АЛЫҢЫЗ

Бұл жолы біз сіздерге тіс дәрігерлерінің кеңесіне сүйене отырып, тіс жұлғаннан кейін не істеу керектігін ұсынамыз.

Жұлынған тістің орнына салынған мақтаны тіс жұлғаннан кейін 15-20 минут өткенде түкіріп тастау керек. Тіс жұлынған соң ауызды бірден шаймаңыз. Өйткені тістің орнына ұйыған қ а н н ы ң аузын ашып жіберсеңіз, қ а н тоқтамай қалуы мүмкін. Тіс жұлған соң 2 сағат бойы тамақ, сусын ішпеу керек! 

Тіс жұлған соң 1 күннің ішінде барынша ыстық тамақ ішпеуге тырысыңыз. Және ыстық суға шомылуға, нақтырақ айтқанда ванна қабылдауға болмайды. Сондай-ақ тістің орнын тіліңізбен «мазалай» бермеңіз. 

Ал тістің орны қ а н а й бастаса, залалсыздандырылған мәрліні тіс орнына қойып, мәрліні тістеңіз. Тіс жұлынғаннан кейін 12 сағаттың ішінде қ а н тоқтамаса, міндетті түрде тіс дәрігеріне қаралыңыз.

Тіс жұлғаннан кейін 1 күн ішінде ағзаға салмақ түсіретін ауыр жұмыстардан қашыңыз. 

Ауыртпайтын дәрінің күші кеткенде, тістің орны а у ы р а бастауы мүмкін. Тіс дәрігеріне хабарласып, қандай дәрі ішуге болатынын сұраңыз. Ал ол дәрі көмектеспеген жағдайда, тіс дәрігеріне барыңыз.

Егер ауыртпайтын дәрінің күші кеткенде аузыңызды ашып-жабу қиындық тудырса, тіс дәрігеріне барыңыз. 

Тіс жұлғаннан кейін 1 күннің ішінде тісті тазаламаған дұрыс. Ал тазалаған жағдайда жұлынған тістің орнына тиіспегеніңіз жөн.  

Кешкісін жылы тұзды не содалы сумен немесе дәрігер берген ерітіндімен ауызды шаю керек. 

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!