БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Тырнақтарыңызды йод арқылы сау ұстай аласыз!

Қарапайым йод – кез келген дәріханада арзанға сатылатын зат. Біз йодты ж а р а л а р д ы тазалауға, емдеуге, екпе жасағаннан кейін і с і г і н кетіру мақсатында қолданамыз. Шынында йодты онша жиі қолдана бермейміз. Бірақ йодтың бір сауыты жылдар бойы дәрі қобдишамызда сақталады. Егер сіз мына дауаны үйреніп алсаңыз, йодты жиі қолданатын боласыз.

Йод сынғыш, жұқа, зақымданған тырнақты берік қыла алады екен. Бұл дауаны өзіңіз-ақ үйде оңайлықпен жасай аласыз.

Сізге керегі: йод, мақта мен мақта таяқшалары.

Алдымен тырнақтағы маникюрды арнайы сұйықтықпен кетіріп тастаңыз. Тырнағыңызды сабынды сумен жақсылап тазартып жуыңыз. Мақта таяқшасын йодқа малып, әр тырнағыңызға йод жағып шығыңыз. Йод тырнаққа тез сіңуі керек. Қорықпаңыз, ол киіміңізді, теріңізді аса кірлетпейді. Йод кепкенін күтіңіз. Бұл дауадан кейін тырнағыңыз йодқа тән қызғылт-сары түске боялады. Бұл оғаш көрінеді десеңіз, тырнаққа лак жағып қойыңыз.

Осындай дауа тырнағыңызды лактың кері әсерінен сақтап, тырнақты берік қылады. Мұны 5 күн қатарынан қайталасаңыз, тырнағыңыз әлдеқайда жақсарып қалады. 

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!