БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Д ә р і қолданбай осылай бас жазуға болады. Бұл әдістерді сынап көріңіз

Бас көп себептің салдарынан а у р у ы мүмкін. Осы күні дәрісіз бас а у р у ы н жазуға көбі тырыспайды. Бірақ бұл бекер, дәрісіз бас жазудың да бірнеше тәсілі бар. Бәлкім, сіз де пайдаланып, дәріден біржола бас тартарсыз.

Суық компресс бас а у р у ы н жеңілдетеді. Суық суда суланған матаны маңдайыңызға және самайыңызға қойыңыз. Әсерін арттыру үшін суға тұз салуға да болады (0,5 л суға 1 үлкен қасық тұз) немесе алма сірке суын қосыңыз (1 л суға 1 үлкен қасық сірке суы).

Шай ішіңіз. Қара немесе көк шайды демдеп, кішкене жалбыз қосып, ішіңіз. Қант қоссаңыз да болады. 10-15 минуттан кейін бас а у р у ы қояды.

Жалбыз эфир майы да басқа ем болады. Жалбыз эфир майын пайдаланып самайды уқалаңыз. Әсерді арттыру үшін иық пен мойын тұсына да массаж жасаңыз. Бұл шаршағандық пен а у р у д ы басады.

Бас а у р у ы н а н қарапайым су арқылы да арылуға болады. Мұның басты себептерінің бірі – ағзадағы су тапшылығы. Әсіресе ыстық күндері және спортпен шұғылданғанда. Сондықтан бас а у р у ы н а н арылу үшін күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішкен жөн.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!