БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Көз қызарған кезде не істеуге болады және көздің қызару себептері. САҚТАП АЛЫҢЫЗ

Көз алмасының бетін қызыл қ а н тамыр торлары жайлап алды ма? Егер көздің қызаруы түн жарымға дейін интернетте отырудың немесе түтінінің ортасында жұмыс істеудің салдарынан болса, ұйқыңызды қандырып, бөлмені желдетіп, таза ауада серуендеп қайтқан жөн. Бірақ, көп жағдайда көз мұндай қарапайым себептерден қызармайды.

Егер бұл а л л е р г и я болса…
Көздер өзінен-өзі қызармайды, бұған кейде а л л е р г и я л ы қ реакция себеп болады. Ағза неге қатты сезгіш екенін анықтау үшін тестен өту қажет. Бұл үй жануарларының жүніне, зеңге, қандайда бір гүл аталығына, косметика құрамына, мақта-маталарға, аң терісіне және тағы да басқа себептер болуы мүмкін. Бұл көз линзасынанан болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда басқа өндіруші компанияның линзасын пайдаланып көріңіз. Егер жағдай қайталана беретін болса, қарапайым көзілдірікке көшіңіз.

Мониторға жабысқандар…
Егер күн сайын монитордан бас алмай жұмыс істесеңіз, көздеріңізге күш түсері анық. Олай болса, көздер бәрібір қызармай қоймайды. Сондықтан оларды жиі демалдырып тұрыңыз. Компьютер алдында жұмыс істеген әр 45 минут сайын 10-15 минут демалу керектігі жайлы барлық жерлерде айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ бұл медициналық кеңеске құлақ түретіндер өте аз.

Демалғанда жұмыс орныңыздан тұрмай, селқос халде емес, белсенді түрде демалу керек. Егер ондай мүмкіндік жоқ болса, шыныңызға шай құйып, терезеге қарап, ақырындап шай сораптаңыз.

Тамышлардан абай болыңыз!
Егер көз алмасының бетіндегі ұсақ қ а н тамырлары кәдімгідей кеңейіп кетсе, бұл шырышты қабықтың құрғақтығынан немесе денеге салқын тигендіктен болуы мүмкін.

Қалай болғанда да, байбалам салудың қажеті жоқ: көздің аздап қызаруы – қалыпты жағдай. Бүгінде көздің қызарғанын кетіретін тамшылардың түр-түрі бар. Алайда көз тамшыларына бірден жүгінбеңіз. Көз тамшыларын аса қажетті жағдайда ғана пайдалануға тырысыңыз. Өйткені, көз тамшыларын ұзақ уақыт және шамадан тыс көп  пайдалану сол дәрі-дәрмекке байлап тастауы мүмкін.

Басқа себептер
А дәруменінің жетіспеушілігі де көздің қызаруына себеп болады. Сәбіз, орамжапырақ, салат жапырақтарын, бауыр және теңіз балықтарын, кілегей, қышқыл сүт өнімдерін жиі пайдалануға тырысыңыз. Сондай-ақ қатты жел және аязды күн де көздің қызаруына себеп бола алады.

Көздің қызаруы кезінде не істеуге болады?
Әлбетте, бет пішінінің сұлулығына қызыл көздер кері әсер етеді. Әсіресе, романтикалық немесе іскерлік кездесу алдында көздердің қызарып кетуі ыңғайсыздық тудырады.

Мұндай жағдайда суық компресс көмекке келеді. Шүберекті суық сумен сулап, қабағыңыздың үстіне қойыңыз. Немесе кішкене текше мұзды бет орамалға орап, қабағыңыздың үстінде 20 минуттай ұстаңыз. Тамырлар тарылып, білінбей қалады.

Шаршаңқы көздерді картоп жақсы сергітеді: шикі көкөністің бір тілімін қабағыңыздың үстінде бес минуттай ұстаңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!