БІЛІМ

Біздің бауырымызға кері әсер ететін нашар тұрмыс әдеттері. Бұл әдеттерден аулақ болыңыз!

1. Майлы тағамдарды көп жеу
Май – күнделікті тұрмыста кем болса болмайтын, денеге қажетті витамин заттардың бірі. Лайықты мөлшерде майлы тағамдарды тұтынғанда адам денесін энергиямен қамдап, дененің физиологиялық қызметін сақтайды. Бірақ май құрамы жоғары тағамдарды артық мөлшерде тұтыну тән саулығыңызға кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан майлы тағамдарды аз тұтынып, отбасында көкөністері мол тағамдарды жасап, бауыр мен асқазанды күтімдеген жөн.

2. Үнемі көңілсіз жүру, ызаға булығу
Қ а м ы ғ у мен мазасыздану адамды н а у қ а с қ а оңай шалдықтырады, адам өмірінде торығу, наразы болу және реніштер, теңсіздік сияқты жағдайлардан сақтануға болмайды, алайда торыққан сәттерде мұндай көңіл күйден арылып, теңіз жағасына немесе адам жоқ орталарға барып, іш-құсталығын шығарып айғайлау, жеңіл музыкаларды тыңдап, көңіл күйін реттеу қажет.

3. Ұйқының жеткіліксіз болуы
Ұйқының жеткіліксіз болуы денені қалжыратумен бірге, денсаулықа да кері әсерін жасайды. Мәселен, түнгі қонағасыларының молаюы, әсіресе, қалаларда таңға жуық бір-екілерге дейін түрлі көңіл ашу орындары думанға бөленіп жатады, ал үйінде отырғандар ғаламторға телміріп, компьютер ойындарын ойнап, демалыс уақытын өткізіп алады.

4. Түнгі қонағасының көбеюі
Түнгі қонағасыларының, той-томалақтың, туған күн кештерінің көбеюіне байланысты, түнде тоя тамақтану сынды нашар тұрмыс әдеті қалыптаса бастады. Әсіресе, қалаларда кеңінен жалпыласуда, орта шарт-жағдайы кемелді болмаған, тазалығы нашар жол бойындағы кафелерден кәуәп жеу бүгінгі адамдардың тұрмысының ерекшелігіне айналып барады. Осындай нашар тұрмыс әдеттері мен түнде тамақтану бауырға з и я н.

5. Т е м е к і тарту
Мұның әрбір қорапында ескерту жазылған. Мұның з и я н ы, ең әуелі, т е м е к і тартудан қалыптасқан түтіндегі мыңнан артық з и я н д ы заттарды адам денесі сіміргеннен кейін, ішкі дене мүшелері мен бауырды әртүрлі деңгейде з а қ ы м д а й д ы. Сондықтан бауырды қорғау үшін т е м е к і тартудан тыйылған жөн.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!