ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Үй жағдайында «тіс тасын» осылай оңай тазалауға болады

Ауыз қуысын дұрыс күтпегендіктен болып тіс тасы пайда болады. Ол эмальды бүлдіріп, қызыл иекті з а қ ы м д а п, жалпы адам көркін нашар көрсетеді. Тіс тасын тіс дәрігеріне жүгініп, тазалатып алуға болады, алайда тығыз қабаттан арылтып, тістің табиғи ақ түсін қайта келтіретін үйде жасалатын әдістер де бар.

Тіс тасын содамен тазалау
Халықтық тәсілдердің ішінде қарапайым ас содасының тіс тасын кетіруде пайдасы мол. Оны үй жағдайында қолдану өте ыңғайлы және оны тіс тасын кетіру үшін ғана емес, эмальды ағарту үшін де пайдалануға болады. Тісті тазалауға арналған қоспаны өзіңіз жасай аласыз: тіс пастасына бір шөкім сода сепсеңіз жеткілікті. Мұндай қоспамен тісті аптасына 3 рет тазалау керек.

Тіс пастасын қолданбай-ақ тісті тастан тазартуға да болады. Ол үшін бір шөкім соданы сутек тотығымен араластырып, пайда болған быламықты тістің эмалына жағу қажет. 3-5 минуттан кейін жағымсыз дәм мен быламықты кетіру үшін ауыз қуысын мұқият шайыңыз.

Соданың әсерін лимон шырыны арқылы күшейтуге болады. Екі компонентті араластырып, алынған қоспаны тіске жағу керек. Содан бірнеше минуттан кейін ауызыңызды шаю қажет.

Тіс тасын кетіру мен ағартудың басқа да әдістері
Басқа да халықтық тәсілдер арқылы тіс тасын кетіріп, тісті ағартуға болады. Тіс тазалауда қара тұрыптың пайдасы мол. Оны үккіштен ұсақтап өткізіп, аз мөлшердегі лимон шырынымен араластыру керек. Дайын быламықты тістің эмалына тіс щеткасы арқылы жағып немесе бірнеше минут шайнап тұру қажет. Нәтижеге қол жеткізгенше процедураны күнделікті қайталау ұсынылады.

Тіске жұмсақ әсер етіп, тіс тасын кетіруге ат салысатын өнімдердің бірі – бал. Бір шай қасық балды бір стақан жылы суда ерітіп, сұйықтықпен ауыз қуысын шаю қажет. Процедураны екі-үш апта бойы күніне 4-реттен жасап тұрған дұрыс.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!