ЖАҢАЛЫҚТАР

Дәрігерлер ешкі сүтін үнемі ішуге кеңес береді. Себебі…

Ерте заманнан бері ешкі сүті ерекше қасиетті деп саналады. Сонымен қатар ауыр н а у қ а с т а н кейін қалыпқа келу үшін ешкі сүтін ішкен екен. Ежелгі Римде ешкі сүті арқылы бауырды емдеген. Ешкі сүті әлемде кең танымал, бірақ осы сүтті пайдаланудан көш бастап тұрғандар – Азия елдері.

Құрамы:
Энергетикалық құндылығы – 66,7 ккал, ақуыздар – 3 гр, майлар – 4,2 гр, көмірсулар – 4,5 гр.

Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінің түсі аппақ болады. Ал оның құрамында қырықтан астам биологиялық компонент бар. Ең маңыздылары – А, С, В1, В2, В6, В12 витаминдері, аминқышқылдары, ферменттер мен микроэлементтер. Сиыр сүтінің құрамында аз кездесетін элементтер ешкі сүтінде өте мол. Бір ғана кобальт басқа жануарлардың сүтіне қарағанда ешкі сүтінде 6 есе жоғары болады. Кобальт ағзадағы қ а н айналымды жақсартып, зат алмасу процесіне жағымды әсер етеді.

Ешкі сүтіндегі тағы бір маңызды элемент – калий. Бұл жүрек-тамыр жүйесінде ақауы бар жандар үшін ең қажетті элемент. Калий мен магний ағзадағы з и я н д ы элементтерді шығаруға көмектеседі. Сондықтан үлкен қала тұрғындарына ешкі сүтін көп ішу ұсынылады.

Магний жетіспеушілігі әр түрлі а у р у ғ а әкеледі. Адам ағзасы тәулігіне 400 мг магний қажет етеді. Осы қажеттілікті ешкі сүтінен алса, х о л е с т е р и н д і азайтып, бүйрекке тас жиналуының алдын алады. Сондай-ақ қ а н қысымы қалыпқа келеді.

Емдік қасиеті:
Ешкі сүтін Гиппократ құрт а у р у ы н а шалдыққандарға ем ретінде ішуді ұсынса, Ибн Сина айналасындағыларға ұзақ жасауға пайдасы зор екенін атап өткен.

Суық тигенде де пайдасы мол.

Аяғы ауыр келіншектер ешкі сүтін ішсе, баланың қаңқасы, тістері жақсы дамиды. 

Педиатрияда жаңа туған нәрестенің іш жүруін қалыпқа келтіру үшін ең бірінші ешкі сүтін береді және ана сүтін алмастыра алады, бірақ баланы ана сүтінен айырмағаныңыз жөн.

Буын а у р у л а р д ы ң алдын алады. 

Артық салмақ тастағысы келетін жандарға да ешкі сүтін ішу ұсынылады. Оның құрамындағы май адам денесіне артық май болып жиналмайды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!