ЖАҢАЛЫҚТАР

Швециялық ғалымдар көп отыру өмірді қысқартатындығын дәлелдеді

Отыру – адам үшін ең қауіпті қалып екендігін Швециялық Каролин Медициналық Институтының ғалымдары анықтады. Зерттеулер көрсеткендей, адамның өмір жасының ұзақтығы оның қанша уақыт бойы отыратынына байланысты. Адам көп отырған сайын, оның хромосомаларының екі ұшындағы теломералар да қысқара береді.

Теломералардың басты қызметі – қартаюды тежеп, жаcушалардың тозуын, хромосомалардағы келеңсіз нәрселердің пайда болуын алдын ала ескертеді. Сынаққа қатысқандар фитнеспен айналыса бастағанда, олардың теломералары да айтарлықтай ұзарған. Бұл – олардың өмір жасы да ұзарды дегенді білдіреді.

Осыған байланысты ғалымдар кеңселерде түрегеп тұрып жұмыс жасайтын қызмет орындарының сәнге айналғандығын да атап өтті. Қандай жағдай болмасын, түрегеп тұру отырғанға қарағанда пайдалырақ.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!