БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Кариестен құтылу және оның алдын алудың жолдары. САҚТАП АЛЫҢЫЗ

Барлығымыз тісіміздің аппақ қардай ақ, таза әрі мықты болуын қалаймыз. Тістің сау және әдемі қалпын сақтау – бүгінгі күннің ең маңызды мәселелердің бірі. Бірақ тіс дәрігеріне жиі қаралатындардың саны аса көп емес. Адамдардың көбі тістері әбден ушығып, үдеген сәтінде ғана дәрігерге қаралады. Бұл дұрыс емес. Тіс дәрігеріне үнемі қаралу мен дұрыс күтім жасауды тісіңіз ауырмай тұрып әдетке айналдырғаныңыз жөн. 

Кариес «бүліну» деген мағынаны білдіреді. Адамдардың біразында кариестің пайда болуы кезінде эмальдің болмашы ғана қараюы кездеседі. Ал кейбіреулерінде жылдар бойы тіс эмалінің қалпын бұзатын тетіктер пайда болып, тістің зақымдалу процесі тез жүзеге асады. Тісті пломбалау әдісімен кариестен құтылу мүмкін емес. Тіске күтім жасау алдымен дұрыс тамақтану мен тіске қажетті дәрумендерді пайдаланудан басталады. Әсіресе, құрамында кальций, Д дәрумені бар тағамдарды жиі қолдану керек. Сондай-ақ асқазан-ішек а у р у л а р ы мен қант д и а б е т і н е қатысты жиі тексеріліп тұру қажет. Бұл а у р у л а р кариестің пайда болуына бірден-бір себепші. Тістің сау әрі әдемі қалпын сақтаудың ең тиімді жолы – дұрыс күтім мен жылына бір рет болсын тіс дәрігеріне қаралу.

Тіс пастасын таңдай білу.
Тіс пастасына қойылатын басты талап – оның құрамында фтор болуы қажет.

Тіс щеткасын дұрыс пайдалану.
Әрбір тіс щеткасының жарамдылық мерзімі – 3 ай. Сондықтан, щеткаңызды жиі ауыстырыңыз және оның тазалығын қадағалаңыз. Тіс щеткалары – қол щеткасы және автомат щетка болып бөлінеді. «Автомат» щеткада ауыстырып тұратын микросаптау мен таймер болады. Олар айналмалы қозғалысты қадағалай отырып, алыс аймақтардағы тіс сарысын да кетіреді. Қол щеткасына келетін болсақ, қылшықтары жиі орналасқан, жұмсақ немесе орташа қаттылықтағыны таңдау керек. Мұндай қылшық тістің арасына оңай кіреді, қызыл иекті зақымдамайды.   

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!