БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАР

Сіз мұны білгеннен кейін майонезден толықтай бас тартатын боласыз!

Күнделікті дастарханымызды майонезсіз елестету мүмкін емес болып қалды. Ал сіз осы майонездің қайдан шыққанын, қандай тарихы бар екенін білесіз бе?

1757 жылы Францияның Маон қаласында өмір сүрген герцог өзінің аспазшыларына бір жаңаша тағам түрін ойлап табуды бұйырған екен. Сонда аспазшылар еш мүдірместен өсімдік майымен жұмыртқаны қоса отырып, тамаша тұздық түрін əзірлеген. Міне, сол уақыттан бастап майонез дастарханымыздың сəніне айналды.

Майонез барлық адам сүйсініп жейтін ас түріне айналғалы қашан. Алайда бұған көп əуестенуге болмайды. Мысалы, сіз арықтауға бел шешіп кіріссеңіз, майонезді мүлде қолданбауға кеңес береміз. Майлылығы жоғары болғандықтан, артық салмақ қосып қоюыңыз ғажап емес. Aғзаңыз қатты қалап тұрған жағдайда сізге калориясы төмен майонез түрін тұтыну керек. Сонда артық салмақ қосудың алдын аласыз.

Жоғары калориялы майонездердің құрамында түрлі компоненттер бар. Атап айтқанда, ұнтақталған жұмыртқа және құрғақ сүт. Бұлардың барлығы дерлік х о л е с т и р и н н і ң көбеюіне себеп болады. Өнеркəсіпте əзірленген барлық майонез түрі тəбетті ашатыны рас. Құрамында түрлі қоспалар бар болғандықтан, ол өте дəмді. Мұндай майонездерді сіз күнделікті өмірде жиі пайдалана беретін болсаңыз, ішек флораларының қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайсыз. Соның салдарынан асқазан мен ішек жолдары бұзылып, денсаулыққа айтарлықтай з и я н келеді. Сондықтан, өнеркəсіп майонездерін пайдаланудан бас тартқан абзал.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!