БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Жүрегіңіз сау болсын десеңіз бұл жеміс-жидектерді күнде тұтыныңыз

Қазіргі таңда жүрек – қ а н тамырлары кеселіне шалдыққан адамдардың саны жылдан жылға көбейіп келеді. Жүрек а у р у л а р ы ең алдымен жүйкелік-психикалық ширығудың негізінде пайда болады. Осыған орай, олардың алдын-алу, емдеу мақсатындағы дәрілерден өзге жеміс-жидектердің де маңызы жоғары екенін айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Оларды үнемі пайдалану – денсаулығыңыздың қалыпты болуына септігін тигізеді.

Адам жүрегіне ең пайдалы жемістердің бірі – киви. Үнемі бұл жемісті жеп тұрсаңыз, жүрек пен көз а у р у ы түрлеріне шалдықпайсыз. Бастысы киви қ а н н ы ң ұюын болдырмайды, және ұйыған қ а н д ы ерітетін қасиетке ие. Оның құрамында С дәруменімен қоса пайдалы элементтер бар.

Анар да жүрекке пайдалы жемістердің қатарына жатады. Оның құрамы С дәрумені мен калийге бай. Сондықтан оның шырыны жүрек жұмысын жақсартады. Жүрек а у р у л а р ы н ы ң алдын алуға, көк тамырлардың қызметіне шипасы мол.

Өріктің өзінен гөрі дәнегі денсаулыққа пайдалырақ. Оның құрамындағы калий жүрек бұлшықеттерінің қызметін жақсартады. Өрікті дәрігерлер жүрек жұмысын жақсарту мен шаршауды басу үшін жеуге кеңес береді.

Шабдалының да қ а н қысымының көтерілу кезінде тигізер пайдасы мол. Жүрек- қ а н тамырлары а у р у ы н а шипа болар жемістердің бірі.

Апельсиннің де жүрекке шипасы мол. Жүректің қалыпты қ а н айналымының бұзылмауына септігін тигізетін дәрумендерге бай.

Жүзім мен оның шырынын ішу – жүрек бұлшықетінің қызметін жақсартып, қ а н д ы көбейтеді. Қ а н қысымы көтерілуінің алдын алатын дәрумендерге де бай. 

Жүрек жүйесі мен қ а н қысымы дертіне пайдалы жемістің бірі – қара қарақат. Оны үнемі жеп  тұру – жүрек соғысын жақсартуға сеп болады.

Алманың денсаулыққа пайдалы тұстары орасан. Сонымен қатар, жүректі емдеу кезінде жеуге ұсынылатын басты жемістердің бірі. Тәулігіне 300-400 гр алма жеу – қ а н қысымының қалыпты болуына жағдай жасайды. Тағы бір айта кететіні, алма артық салмақ тастауға да көмектеседі.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!