БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Бұл тағамдарды үнемі тұтыну арқылы есте сақтау қабілетіңізді айтарлықтай жақсарта аласыз!

Есте сақтау қабілетін жақсартатын тағамдар ретін назарларыңызға ұсынамыз. 

1. Грек жаңғағы
Өзге жаңғақтармен салыстырғанда грек жаңғағының құрамында Е дәрумені өте мол. Ал Е дәрумені миыңызды түрлі а у р у л а р д а н қорғайды.

2. Бидай өнімдері
Бидай өнімдері қ а н құрамындағы қант теңгерімін бірқалыпты ұстайды. Миыңызды мықты энергетикалық ресурстармен қорғайды. 

3. Көк шай
Көк шайдың құрамында к а т е х и н және т и а н и н антиоксиданттары бар. Олар ми қызметін жақсартады. 

4. Брокколи
Бұл қырыққабаттың құрамында К дәрумені көп. Ол адамның белсенді ойлауына пайдалы.

5. Қара қарақат
С дәрумені қара қарақаттың құрамында көптеп кездеседі. Миға әсері болғандықтан, бұл жемісті көбіне т е м е к і ш е г е т і н адамдар тұтынады. 

6. Асқабақ дәні
Асқабақ дәнінің құрамында цинк бар. Ол миыңыздың жұмыс істеуін жақсартып, есте сақтау қабілетіңізді арттырады.

7. Какао
Қара шоколадты тек тәтті қ ұ м а р балалар жемейді. Ол ересек адамдарға да пайдалы. Өйткені жүрек, қ а н тамырларына какаоның пайдасы зор. 

8. Қызанақ
Қызанақ жеу арқылы өзіңізді А л ь ц г е й м а р д а н аман сақтап қала аласыз. Сонымен қатар оның құрамында бос радикалдармен белсенді күресетін л и к о п и н антиоксиданты бар. 

9. Майлы балық
Скумбрия, макрель, тунец, сардина секілді балықтарды анда-санда болса да жеп тұруыңыз керек. Бұл балықтардың құрамында кездесетін Омега-3 миыңызды белсенді әрі жас күйінде сақтайды. 

10. Баялды
Бәлкім ойламаған шығарсыздар, бірақ бұл тізімде баялды да бар. Өйткені оның құрамында с к л е р о з д а н құтқаратын антоцианин көп кездеседі. 

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» – деп бекерден бекер айтылмаса керек. Жасымызға жетпей қартайып отырғанша, пайдалы тағамдарды тұтынып, есте сақтау қабілетімізді арттырайық.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!