БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАР

Дәрігерлер денсаулықты сақтау үшін газдалған сусындардан бас тартуды ұсынады.

Газдалған сусынның денсаулыққа з и я н ы туралы бұған дейін де талай айтылған еді. Газды сусын тұтынған адамдар мен т е м е к і тартатын адамдардың өмірінің ұзақтығы бірдей деген болжам бар. Өйткені газды су тек қана ағза клеткаларын қартайтып қоймай, сонымен қатар жүрек а у р у ы н а, қ а т е р л і ісікке шалдықтырады. Сондықтан газдалған сусындарды тұтынбай, оның орнына қарапайым қара су ішкендеріңіз жөн. Себебі оның денсаулыққа пайдасы зор.

Бұл жолы ғалымдар тиянақты тәжірибе жүргізіп, адамның өмір сүру ұзақтығын анықтайтын хромосомаларды зерттеуге бел буды. Бұл хромосома аймағын – теломер деп атайды. Оның ұзындығы адамның қалай тез қартайып бара жатқанын көрсетеді. Сараптама барысында 10000 адамнан қ а н алынған. Олардың 80%-ның теломерлері қысқа болып, газдалған сусындарды көп тұтынатындығы дәлелденді.   

Бүгінгі таңда шырындарға қосылатын химиялық қоспалар мен мөлшерден тыс қант ағзамызға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Сол себепті шырынды өзіміз қолдан жасап немесе сенімді жерден ішкеніміз дұрыс. Ең бастысы тәтті суға қызығып, өмірімізді өкінішке айналдырып алмайық, достар! 

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!