БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Тісіңіздің маржандай ақ болғанын қаласаңыз бұл әдістерді қолданыңыз. Тісті оңай ағартудың 6 жолы!

Тісіңізді ағарту үшін міндетті түрде бағасы қымбат мамандарға барудың қажеті жоқ. Өзіңіздің үйіңізде бар қарапайым тағамдарды тұтыну арқылы да тісіңізді ағарта аласыз. Ал сіздің күлімсірегеніңіз жүзіңізді жадыратып, жаныңыздағы жандарға жақсы әсер қалдырады. Сондықтан мына кеңестерге назар аударыңыздар. Айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетін боласыз!

1. Сода мен лимон қышқылы
Сода мен лимон шырынының қоспасы бір қолданғаннан-ақ тісіңізді жылтыратады. 

2. Зәйтүн майы
Зәйтүн майы мен күнжіт майы тісіңізді тамаша тазалап, түрлі тіс а у р у ы н ы ң алдын алады.  

3. Құрғақ сүт
Кептірілген сүт ұнтағы тісіңіздің ағаруына көп көмектеседі. Сонымен қатар оның құрамындағы кальций қызыл иек пен тісті қатайтады.

4. Қызылмия
Қызылмия өсімдігі құрамы жағынан сағызды еске түсіреді. Онымен тек тісіңізді тазалап қоймай, қызыл иек і с і г і н і ң де алдын аласыз. 

5. Бүлдірген
Бүлдірген шырыны да тісті ағартып, тынысыңызды тазартады.

6. Иіржапырақ, ешкіжапырақ, жалбыз
Мұндай шипалы шөптердің қайнатпасымен тісіңізді күнделікті шайып тұрсаңыз, тісіңіз ауырмайтын болады.

Бұл қағидалар сізге тіс а у р у л а р ы н ұмыттырып, күлімдеп жүруге көмектеседі. Тісіңіздің айнадай жарқырап тұрғанын қаласаңыз, бұл кеңестерді естен шығармаңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!