БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Жақсы ұйықтап, жайлы тұру үшін әр түн сайын мұны ішіңіз! САҚТАП АЛЫҢЫЗ

Ауыр күннен соң қатты шаршап тұрсақ та, кейде ұйықтай алмай жататын кездер болады. Мұндай жағдайларда ыстық шай ішу керек. Бұл жолы біз сіздердің назарларыңызға жақсы ұйықтауға көмектесетін шайдың 5 түрін ұсынамыз:

Жылы сүт
Жылы сүттің әсері өте жақсы. Сүттің құрамында т р и п т о ф а н аминоқышқылы мен кальций бар. Т р и п т о ф а н болса ағзаны тыныштандыратын қызметке ие.

Какао
Какао, су, дәмдеуіштерді ең алғаш рет Майя өркениеті қолданған еді. Какао дайындап, ұйықтар алдында ішіп жатыңыз. Мөлшері бір стақаннан аспағаны жөн.

Түймедақ шайы
Сүтті сусындарды ұнатпайтын адамдар түймедақ шайын жасап, ішуіне болады. Ұйықтауға 30 минуттай уақыт қалғанда түймедақ шайын ішіп алыңыз.

Жалбыз шайы
Жалбыз денені босаңсытып, жүйкені тыныштандыратын қасиетке ие. Сондай-ақ жүрек айнуды да басатын дәрмектің бірі. Бұл шай әрі пайдалы әрі өте дәмді.

Ыстық шоколад
Ыстық шоколадты какаомен жиі шатастырады. Алайда ыстық шоколад какаоға қарағанда әлдеқайда қою болып келеді. Себебі оның құрамында какао майы, какао ұнтағы бар. Бұл ең тәтті сусындардың бірі саналады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!