ЖАҢАЛЫҚТАРФОТОБАЯН

Әлемнің 196 еліне саяхат жасаған әйел ЕҢ ӘДЕМІ 10 елді атады

Кассанда Де Пекол атты әйел Гиннес рекордтар кітабына жазылған.

Ол:

  1. Әрбір тәуелсіз елдерге деректі саяхат жасаған әйел
  2. Кез-келген тәуелсіз елдерге саяхат жасаған алғашқы Американдық әйел
  3. Барлық мемілекеттерге саяхаттаған ең жас саяхатшы
  4. Ең жылдам саяхат жасаған әйел

«Экспедиция 196» атты деректі саяхат аясында ол барлық таңғажайып елдерді аралап, өзі үшін ЕҢ ҮЗДІК 10 елді атады.

10. Америка Құрама Штаттары

©Hippopx

Адамдар үй – ол біздің жүрегіміздің түпкірінде орналасады деп айтады. Мен әр түрлі елдерді аралаған сайын маған осы сөз тіпті шын сезіле бастады. Менің Отаным – менің отбасым, менің қауіпсіз өмір сүре алатын жерім, және де менің барлық танысымтарым бар. Табиғаты да өте керемет.

9. Коста-Рика, Орталық Америка

©http://www.eco-hotel-costa-rica.com/ 

Маймылдар, тәтті жемістер, әдемі әуендер, жанартаулар… Тағы да қосып айтуым керек пе? Бұл да жеткілікті шығар…

8. Перу, Оңтүстік Америка

©Diego Delso 

Амазонка орманы және Агуас Калнтеске, Мачу-Пикчуға алып баратын жолдар керемет. Ол Перуде де біраз уақыт өмір сүрген екен.

7. Тунис, Солтүстік Африка

©Pixabay

Солтүстік Африканың мәдениетін жаңа мәдениетпен үйлестіріп сезінуге болады. Сондай-ақ таңғажайып археологиялық ескерткіштер. Тунистен 20 шақырым қашықтықтағы Сиди Бу Саид ол үшін өте таңғажайып жер болды.

6. Оман, Арабия

©Pixabay

Шөл мен таудың ортасында орналасқан керемет жер. Тауда өмір сүретін адамдардан сабақ алу өте керемет болды. Бұл мүлдем басқа өмір салты еді.

5. Пәкістан

©Waseef Akhtar

Мұнда сіз тарихи ескерткіштерді, мәдениетті таба аласыз. Және де ерекше азиялық тағамдар өте дәмді.

4. Вануату, Оңтүстік Тынық мұхиты

Мен ең мейірімді және досшыл адамдармен кездесіп, Кава қалай жасалатынын өз көзіммен көрдім.

3. Мальдив аралдары

©Fshoq! blog

Ең таза ақ құм, басқа ешқайдан көре алмайтын мөлдір терең көк су. Әлемдегі ең әдемі кішкентай аралдар.

2. Бутан

©Pixy.org

Қалай бейбіт өмір сүру керегін үйренуге арналған орын. Толықтай бейбітшілік елі.

1. Моңғолия

©Las Torres Patagonia

Таңғажайып тірі табиғат және көшпенді мәдениет. Атқа міну өте керемет әсерлі.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!