ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Менің анам үйде алма сірке суын осылай жасайды. Үйде алма сірке суын қалай жасау керектігін үйреніп алыңыз!

Әр үйдің ас үйінде міндетті түрде болуы керек нәрселердің бірі алма сірке суы. Оның көмегімен сіз әр түрлі салаттар және тағамдарды дәмдей аласыз. Сонымен қатар оның денсаулыққа да пайдасы бар.

Бірақ бұл қажетті өнімді дүкеннен сатып алудың қажеті жоқ. Үйде де дайындап алуға болады. Дүкеннен сатып алғанан қарағанда арзан әрі табиғи.

©Pixabay

Қажетті заттар:

  1. Алма – 3 дана
  2. Қант – 3 ас қасық
  3. Таза су
Free image/jpeg, Resolution: 3044×2260, File size: 2Mb, Apple Cider Vinegar

Дайындау әдісі:

  1. Алманы жуып, орташа қылып кесіңіз. Кесілген алманы жуып және 1-1,5 литрлік ыдысқа салыңыз.
  2. 1 стакан суға қант қосып араластырыңыз. Оны алманың үстіне құйыңыз.
    З. Содан кейін алмалы ыдысқа толтырып су құйыңыз.
  3. Ыдысты матамен орап, кейін пакетке салыңыз және 2-3 апта бойы жылы, қараңғы жерде сақтаңыз.
  4. 2-3 аптадан кейін алмаларды сүзгіден өткізіңіз.
  5. Шырынның қайта бетін жауып, жылы орамалмен орап, қараңғы жерге қойыңыз. 4-6 апта сақтаңыз.
  6. Шырынды бірнеше күнде бір рет ағаш қасықпен араластырып отырыңыз.
  7. 4-6 аптадан кейін сіздің алма сірке суыңыз дайын болады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!