БІЛІМФОТОБАЯН

Әлемдегі ең ақылды 10 адам

Әлемдегі ең ақылды және IQ-ы жоғары (интеллекті жоғары) адамдармен танысыңыз. IQ тестілеуден өткендердің 95 пайызы 70-130 ұпай алады. Бірақ бұл жердегі адамдар – ұлы данышпандар. Олардың IQ деңгейі қарапайым адамдарға қарағанда әлдеқайда жоғары.

10. Пол Аллен (IQ 160)

©Esquire

«Microsoft»-ның негізін қалаушылардың бірі, және де қазіргі заманғы ең ірі 5 кәсіпкердің бірі атанған Пол Аллен. Оның арқасында Microsoft, IBM-нің үлкен келісімі жасалып тарихқа енді. Сол жылы 26 миллиард долларлық кірісті IBM-ді Microsoft деген жаңа компаниямен байланыстыра алды. ХХ ғасырдың ең пайдалы және ең сәтті келісімі деп аталған бұл келісім Билл Гейтс пен Пол Алленді миллиардер болдырды.

9. Стивен Хокинг (IQ 160)

©Store norske leksikon

Әлемдегі ең ақылды адам кім деген сұраққа көбі Стивен Хокинг деп жауап берсе керек. Британдық теориялық физик және космолог Хокингтің денсаулығы нашар, миы өте жақсы дамыған адам болғанымен. Ол космология мен кванттық тартылыс күшіне көңіл бөлген. Өзінің зерттеулері мен жетістіктері және де «Уақыттың қысқаша тарихы» атты өз кітабымен көпшілікке танымал. Хокинг 2018 жылдың наурызында қайтыс болған. Бірақ оның есімі ғылым мен әдебиет әлемінде мәңгі қалды.

8. Альберт Эйнштейн (IQ 160-190)

©Pixabay

Барлық уақыттағы ең ұлы физиктердің бірі. Ол IQ емтиханын тапсырмаған, сондықтан оның IQ-ы нақты қанша екені белгісіз. Ғалымдар оның IQ деңгейін 160-190 маңайында деп болжайды. Альберт Эйнштейн 1955 жылы қайтыс болған. Ол бізге Салыстырмалық теориясын және тілін шығарған фотосуретін қалдырды.

7. Филипп Емегавли (IQ 190)

Африкада жақсы ғалымдар жоқ деп ойласаңыз қателесесіз. Нигериялық ғалым, математик және инженер Филипп Эмегвали осыған нақты дәлел бола алады. Ол суперкомпьютер «Connection Machine» ойлап тапқан. «Connection Machine»-ді мұнай орындарын зерттеу үшін пайдаланатын. Ол 1989 жылы Гордон Беллдің сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ математика, экология, және инженер саласында магистр дәрежелі. Мичиган университетінің философия докторы.

6. Гарри Каспаров (194)

©The Talks

Бұл рейтингке керемет шахматшының енуі анық. Гарри Каспаров – барлық уақыттағы ең ұлы гроссмейстерлердің бірі. Бірнеше рет жасанды интеллектпен (компьютермен) ойнаған. 1989 жылы ол Deep Thought программасын жеңген. Алайда 1996 жылы секундына 200 миллион көшек ойлай алатын Deep Blue программасына жеңілген. Және ол секундына 4 миллион көшек ойлай алатын Fritz X3D программасымен теңескен.

5. Кристофер Ланган (IQ 190-210)

©KTVO

Ол Американың ең ақылды адамы болып саналады. Ланган 6 айында еркін сөйлеп, 3 жасында оқуды үйренді. Өгей әкесінен қашып, үйін тастап, Монтана университетінің Рид колледжіне оқуға кірген. Бірақ көп ұзамай ол өзін мұғалімдер мен профессорлардан қарағанда ақылдымын деп оқудан шығып кеткен. Ол ақылды және күшті болғандықтан, біраз уақыт түнгі клубта күзетші болып жұмыс істеген.

4. Ким Ун Ён (IQ 210)

©Sprintally

6 айлығында ол өз тілін емен еркін меңгеріп, 3 жасында 3 шет тілін үйренген. Төрт жасында ол өлеңдер мен әңгімелер жазып, ал 8 жасында Колорадо университетіне шақырылған. 16 жасында ол Оңтүстік Кореяға оралған. Қазір Чонбук ұлттық университетінде сабақ береді.

3. Кристофер Хирата (IQ 225)

©Ohio State News – The Ohio State University

Кристофер колледжді 12 жасында бітірген. 13 жасында ол Халықаралық ғылыми олимпиадада жеңіске жеткен ең жас Американдық болды. 16 жасында ол NASA-да жұмыс істеді. 22 жасында дәрігер болды.

2. Теренс Тао (IQ 225-300)

©Newsroom | UCLA

Қазіргі әлемдегі ең ақылды адам ол Тао. Ол 2 жасынан бастап арифметиканы зерттеп, 9 жасында университетте ересектермен бірге математика оқыған. 20 жасында ол математика докторы, ал 24 жасында Лос-Анджелестегі ең жас профессор атанды.

1. Уильям Жеймс Сидис (IQ 250-300)

Әлемдегі ең ақылды адаммен танысатын уақыты келді. Бұл Уильям Джеймс Сидис есімді еврей. Оның IQ-ын сарапшылар 250-300 арасында деп болжайды. Бұл орташа адамның IQ-нан екі есе жоғары. 11 жасында Гарвардта оқып, 17 жасында Техас университетінде математикадан сабақ берген. Сидис өзінің жеке өмірінен бас тартып, барлық уақытын ақыл-ойын дамытуға шешім қабылдаған. Ол Америка тарихын жазып, қарапайым өмір сүрген.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!