ЖАҢАЛЫҚТАР

Кішкентай балалар «Махаббат деген не?» деген сұраққа осылай жауап берді

Кішкентай балалар ересектер бізбен, өздерінің әлемінде махаббат деген не екенін бөлісті. Міне олардың бірнеше сүйкімді жауаптартын ұсынамыз.

©Andreas Schalber

Марк, 6 жаста: «Махаббат дегеніміз – анам әжетханада отырған әкемді көріп, оны жаман деп санамау!»

Ноелле, 7 жаста: «Бір ұл балаға оның жейдесін ұнатқаныңды айтқанда, ол оны күн сайын киеді. Міне, бұл махаббат.»

Томми, 6 жаста: «Махаббат дегеніміз, ата-әжем бір-бірінің жаман жақтарын жақсы білседе, олар әлі де дос.»

Синди, 8 жаста: «Мен фортепианоның концерті кезінде сахнада қатты қорқтым. Мен адамдарға қарасам, әкем жалғыз өзі мені қолдап қол бұлғап күліп тұрды. Мен қорқуды тоқтаттым. Мүмкін бұл махаббат шығар.»

Ребекка, 8 жаста: «Менің әжем буындарына байланысты өз тырнағын ала алмайды. Сол үшін тырнақтарын атам алып береді. Бірақ менің атамның да буындары ауырады. Бұны мен нағыз махаббат деп ойлаймын.»

Билли, 4 жаста: «Егер біреу сені жақсы көрсе, ол сенің атыңды басқаша атайды. Сен атыңды оның аузында қауіпсіз екенін білесің.»

Крисси, 6 жаста: «Махаббат дегеніміз – сен қуырылған картоптың көп бөлігін сол бір адамға бересің.»

Терри, 4 жаста: «Махаббат – Ол сен шаршаған кезде сені күлдіреген адам.»

Дэнни, 7 жаста: «Махаббат дегеніміз – менің анам кофе қайнатып, оны әкеме бермес бұрын оның дәмін жақсы болып ба деп тексереді.»

Эмили, 8 жаста: «Махаббат дегеніміз – сен үнемі сүйесің. Сен сүйуден шаршаған кезде, бірге болып көбірек сөйлескің келеді. Менің ата-анам дәл солай жасайды.»

Никка, 6 жаста: «Егер сіз көбірек сүюді үйренгіңіз келсе, ұнамайтын досыңыздан бастаңыз.»

Клер, 6 жаста: «Менің анам мені бәрінен де жақсы көреді. Түнде ұйқтап жатқанда сені анаңнан басқа ешкім сүймейді.»

Элейн, 5 жаста: «Анам әкеме тауық етінің ең дәмді бөлігін бергенді махаббат дейміз.»

Крис, 7 жаста: «Махаббат дегеніміз – анам әкемді, тіпті жаман иіс шығып, терлеп тұрсада оны Роберт Редфордтан әдемі жігіт дейді.»

Лорен, 4 жаста: «Менің әпкем маған өзінің барлық киімдерін беріп, өзі киім сатып алуы керек болады. Мен ол жерден әпкем мені жақсы көретінін сеземін.»

Карен, 7 жаста: «Егер сен біреуді жақсы көретін болсаң, көздерің жұлдызай жарқырап кетеді.»

Джессика, 8 жаста: «Егер сен шын жүректен айтпасаң, мен сені жақсы көремін деп айтуға болмайды! Егер шынымен айтсаң, оны бірнеше рет айтуың керек, өйткені адамдар ұмытшақ.»

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!