ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Осы әдісті қазірден үйреніп алғаныңыз абзал! Денсаулықты сақтаудың қарапайым рецепті

Иммундық жүйені жақсартып, суық тию мен тұмаудың алдын алатын, бауырды тазартатын және қан айналымын жақсартатын қарапайым әдіс бар екенін білесіз бе? Бұл дәл сиқырлы сусын секілді. Сіз дәл осы сиқырлы сусынды үйде дайындап, іше аласыз. Ингредиенттері өте қарапайым, сондықтан көп ақша да жұмсамайсыз.

Қажетті заттар:

  1. Сарымсақ – 8 түйір
  2. Лимон – 8 тілім
  3. Зімбір – 4 см
  4. Су – 4 литр

Зімбірді жуып жақсылап тазалаңыз, кейін сарымсақпен бірге ұсақтап тураңыз. Содан кейін лимонды тазалап, оны зімбір және сарымсақпен бірге блендерге салыңыз. Су қосып, баяу отта қайнатыңыз. Содан кейін салқындатып, сүзіп, шырынын шыны ыдысқа құйыңыз.

Оны тамақтанудан 2 сағат бұрын ішіңіз. Қысқа уақыт ішінде нәтижесі байқалады. Дене жеңілдеп, әр түрлі аурулардың алдын алып қана қоймай, бет терісін жұмсартып, жақсарады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!