ЖАҢАЛЫҚТАРОҚИҒАЛАР

Стив Джобстың ӨМІРІН өзгерткен бір сұрақ

Компьютердің данышпаны Стив Джобс 1976 жылы Apple компаниясын құрғаннан кейін барлық өмірін өзінің жұмысына арнаған. Ол компаниялық кездесулерден қалмайтын жауапты бір адам болатын.

Ол өзінің тарихында бір рет ғана жиналыстан қалып қойған. Сіз: «Мұндай жауапты адам жиналысты қалай үзуі мүмкін? Өте маңызды себебі болған шығар…» деп ойлайтын шығарсыз.

Ол бір қызбен уақытты бірге өткізу үшін жиналыстан қалған. Алайда кейінірек ол әдемі қыз оның өмірлік жары болған.

Бір күні Стив бір университетте баяндама жасаған. Ол жерде оның болашақ әйелі Лоран Пауэлл болған. Стив қызды ұнатып, кейін оның телефон нөмірін алған. Ол ұзақ күткісі келмеді. Бірден қызды түскі асқа шақыруға шешім қабылдады. Бірақ мәселе болды. Өйткені маңызды жиналыс сол күні жоспарланған болатын.

Стив көлікке отырып алып, өзіне бір сұрақ қойған. «Егер бұл менің өмірімнің соңғы күні болса, мен не істер едім?» деп біраз ойланғаннан кейін, машинадан түсіп мектепке қайта оралып, Лоранмен алғашқы кездесуге шақырған. Осы сәттен бастап олар бір-біріне ғашық болып, бірге өмір сүрген.

Мәңгілік дүние жоқ екенін түсіну – өмірдің шынайы мәні. Егер адам осыны есіне алып жүрсе, оның ішкі жан дүниесінде арман, алға қойған мақсат және батылдық жалындап, өмір деген нәрсені тереңірек түсінетін болады. Сондықтан бұл сұрақты үнемі өзіңізге қойып жүру керек. Бұл сұрақ сізге өмірдегі маңызды нәрселерге назар аударуға көмектеседі!

Сізге қоятын бір сұрақ бар.

Егер бүгін сіздің өміріңіздің соңғы күні болса, не істер едіңіз?

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!