БІЛІМ

Эмпатия және адамдардың жан дүниесін түсінетін адамның 25 белгісі

Эмпатия адамдар басқа адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеті дамыған адамдар. Басқа сезімтал адамдармен салыстырғанда, эмпат адам басқалардың эмоциясы мен энергиясын өте жоғарғы деңгейде сезіне алаты адамдар. Сезімтал адамдар барлық адамның шамамен 15-20 пайызды құрайды, ал эмпаттар 2-4 пайызын ғана құрайды. Эмпатия – бұл туа біткен шеберлік пен талант. Міне, эмпат адамдардың 25 сипаттамасы.

Эмпат адамның қасиеттері

1. Барлық нәрсені білу: Эмпат басқаларға айтқызбай-ақ біледі. Олар болжаммен емес сезіп бәрін біледі. Эмпатия талант дамыған сайын, бұл қабілеті күшейе түседі.

2. Көпшіліктің ортасында болғанды​ұнатпайды. Дүкендер, базарлар, залдар сияқты адамдар көп болатын жерлерде эмпатшылар әртүрлі сезімдер мен қиындықтар бастарынан кешеді.

3. Басқа адамдардың эмоциясын өзінікіндей қабылдайды. Бұл өте маңызды белгі. Эмпат қашықтыққа және жақындыққа қарамастан басқаларды сезіне алады. Біреу оны жақсы немесе жаман деп ойласа, бірден сезеді.

4. Теледидардан зорлық-зомбылық сияқты жағымсыз нәрселерді көре алмайды. Эмпатия дамыған сайын олар теледидар көруді және жаңалықтарды оқуды тоқтатады.

5. Өтірік айтып тұрғанды біледі. Достар мен туыстардың өтірік айтып тұрғанын жақсы біледі. Немесе біреу ойлағанынан басқа бірдеңе айтса, оны да біледі.

6. Басқалардың ауырғанын сезінеді. Эмпат адамдар жақын маңдағы біреудің ауырғанын сезеді. Олар кейде сол ауырған адаммен бір деңгейде болады.

7. Әлсіз адамдар және жануарларға көмектеседі. Ол науқастарға, азап шеккендерге және маргиналдарға қамқорлық жасайды.

8. Басқа адамдар, тіпті бейтаныс адамдар да өз проблемаларын айтады. Соңында эмпат адамдар басқалардың ауыртпалығын өздері көтереді.

9. Үнемі шаршау. Эмпат адамдар энергияны соратындармен кездесу немесе басқа адамдардан көп ақпарат пен сезімдер алу салдарынан шаршайды. Қанша ұйықтаса да, шаршайды.

10. Құмарлық қасиетті. Олар алкоголь, темекі және есірткі сияқты әртүрлі заттарға тәуелді болу арқылы өзгелерден алған эмоцияларын жоюға тырысады. Бұл олар үшін өзін-өзі қорғаудың бір түрі.

11. Дәстүрлі және энергетикалық терапияға, метафизикалық немесе жасырын заттарға тартылған. Эмпат басқаларды емдеудің туа біткен қабілетіне ие болып қана қоймай, оны емдеуді жақсы көреді.

12. Ән айту, би билеу, актерлік шебер, сурет салу, жазу сияқты шығармашылықты ұнатады. Және шығармашылық таланты да бар.

13. Табиғатты және жануарларды жақсы көреді. Сыртта болу және жануарларды тамақтандыру – олардың өмірінен маңызды орын алады.

14. Жалғыз болғанды​ұнатады. Егер олар кейде тыныш жерде жалғыз болмаса, олар есінен адасады. Бұл ерекшелік балалық шақта байқалады.

15. Тез жалығады. Егер жұмыс немесе мектеп оларға қызықсыз болса, олар бірден арман қиялға беріліп қағазға жазу сияқты басқа нәрселерге назар аударады.

16. Өзіне ұнамайтын нәрсені жасай алмайды. Оларға ұнамайтын нәрсе жасау – өздерін алдау сияқты. Бұл тұрғыда кейбір эмпат адамдар жалқау болып көрінеді.

17. Шындықты іздейді. Өтіріктің бәріне қарсы тұрады.

18. Білімді бағалайды. Жауапсыз сұрақтар эмпат адамдарды қинайды. Олар жауап тауып, бірдеңе білсе де, оны растауға тырысады. Нәтижесінде оларды тым көп ақпаратқа ие болады.

19. Саяхат және бостандық ұнайды. Эмпат – бұл еркін жандар.

20. Қиялдағанды​және елестеткенді ұнатады. Олардың қиял әлеміне сүңгіп, көп сағат бойы қарап отыруы әдеттегі жағдай.

21. Оларға ережелер ұнамайды. Еркіндікті шектеу эмпат адамдар үшін қауіпті.

22. Өте жақсы тыңдаушы. Эмпат адамдар өздері туралы сенімді адамдармен ғана сөйлеседі. Олар қамқорлықты, тыңдауды және білуді ұнатады.

23. Өздерін жоғары санайтын адамдарға шыдай алмайды. Эмпат адамдар мейірімді және шыдамды, бірақ олар тым эгоист және өзімшіл адамдармен араласпайды.

24. Ескі заттарды сатып алғанды​ұнатпайды. Олар энергияны сезінетіндіктен, жаңа пәтер, жаңа көлік және т.б. заттардың жаңасын сатып алады.

25. Тамақтың энергиясын сезінеді. Көптеген эмпат адамдар ет пен сүтті жеуден бас тартады. Өйткені олар жануарлардың азабын сезінеді.

Егер жоғарыда аталған белгілердің көбі сәйкес келсе, сіз сөзсіз эмпат адамсыз. Бұрын әлемде көптеген жағымсыз энергиялар болғандығы үшін эмпат адамдарда да көп проблема болды. Ал 2012 жылдан бастап өзгерген.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!