ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Қартаюға қарсы 10 қадам

Күн сайын айнаға қарасақ, кешегі келбетті ғана көреміз. Бірақ ол бірнеше жыл бұрынғыдан қарағанда қатты өзгерген. Иә, уақыттың іздері біздің терімізде білінеді.

Әлемге танымал дерматолог, доктор Аллан Джейкобсон, «Қартаюмен күресуге ешқашан кешікпейсің.» – дейді. Сондықтан біз осы жолы қартаюмен күресудің қарапайым әдістерін ұсынамыз.

Қадам 1
Бақыт гормонының бөлінуіне мүмкіндік беріңіз. Салмақ қосу мен стресс адамның гормонына өзгерістер кіргізіп, тез қартаюға себеп болады. Сондықтан мүмкіндігінше стрессіз болуыңыз маңызды.

Қадам 2
Диетаңызға назар аударыңыз. Жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, майы аз өнімдерді және теңіз өнімдерін көбірек жеп, қуырылған тағамдар және тұз бен қанттан аулақ болыңыз.

Қадам 3
Метаболизмді белсендіріңіз. C, D, E, B дәрумендерін, Омега немесе құрамында балық майы бар, метаболикалық антиоксиданттар бар қоспаларды көбірек қолданыңыз.

Қадам 4
Үнемі жаттығу жасаңыз. Тұрақты жаттығулар жасау және күніне кем дегенде 30 минут жүру жүрек жұмысына оң әсер етеді. Және де қартаюдың алдын алады.

Қадам 5
Өзіңізді күннен сақтаңыз. Күн сәулесі әжімдердің пайда болуының басты себебі болып табылады. Сондықтан теріңізді мүмкіндігінше күн сәулесінің әсерінен қорғаңыз.

Қадам 6
Су ішіңіз. Күніне кем дегенде 8 стакан су ішуді әдетке айналдырыңыз. Су теріні ылғалдандырады. Және де организмнен токсиндерді жояды.

Қадам 7
Жақсы ұйықтап демалыңыз. Күніне кем дегенде 7-8 сағат ұйықтаңыз.

Қадам 8
Теріңізді үнемі ылғалдандырыңыз. Теріні ылғалдандыратын косметика немесе әртүрлі қарапайым әдістер арқылы терінің қартаюы мен әжімдердің алдын алуға болады.

Қадам 9
Темекі шегуден бас тартыңыз. Темекі адам ағзасының қартаюына басты себептердің бірі болып табылады.

Қадам 10
Артық салмақтан аулақ болыңыз. Дерматолог, доктор Аллан Джейкобсон, «Салмақ қосқан сайын қартая бересіз», – деген.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!