ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Бүйрегі ауыратын адамдар не жеу керек?

Бүйрек ауруы бар адамдар ең алдымен дұрыс тамақтанудан бастап емделу керек.

Ең алдымен:

-Тұзы аз, майы аз, дәруменге бай тағамдарды мүмкіндігінше қолданыңыз.

-Қарбыз, жүзім және алма шырынын ішіңіз.

-Сиыр мен суырдың бүйрегін пісіріп жеңіз.

-Қоспасында күріш бар тамақ жеңіз.

-Сүт және ақ тамақ қолданыңыз.

Сондай-ақ, қыстың суық айларында жылы киініңіз. Бізде ежелден суық мезгілге сай киіну дәстүрі бар. Мысалы, аяқ киімнің табанына киізден ұлтарақ жасау, жаңа туған нәрестелерді теріге бөлеу, қойдың құйрық майын жеу секілді дәстүрлерді мұра етіп алған пайдалы.

Адамдар энергияның үш түрімен өмір сүреді: бүйрек энергияы, тері арқылы алынған энергия және тамақтың энергиясы.

Егер адам бұл үш энергияға қамқорлық жасаса, бұл ұзақ өмір сүрудің негізі болады. Көктемнің алғашқы 72 күнінде бүйрек пен қуық ауруы пайда болады. Бұл кезде адам ағзасындағы қан ағымы бәсеңдеп, терінің тесіктерін бітіп, дене босайды.

Бүйрек пен қуық сулы денелер болғандықтан, оларды суық мезгілде тоңдырмас үшін мүмкіндігіңізше құнарлы тамақтанып, жылы киімдер киіп жүріңіз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!