ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Бал – теріні күтуге арналған ең жақсы құрал

Ара балы арқылы теріні күту әдісін ұсынамыз. Бал – теріні күтудің ең жақсы табиғи құралы екеніне сеніңіз. Бал бет терісі үшін ең керемет тазартқыш.

Ара балы маскасы. /Бұл масканы дайындау өте оңай/

Құрамы:

  1. Ара балы – 3 ас қасық
  2. Сүт – 3 ас қасық

Екі ингредиентті қосып араластырып, бетіңізге жағыңыз. Одан 10-15 минуттан кейін жылы сумен бетіңізді жуыңыз. Өте оңай.

Бал глицерин маскасы

Құрамы:

  1. Глицерин – 1 шай қасық /немесе 3 шай қасық алкоголь/
  2. Бал – 1 шай қасық
  3. Қайнаған су – 2 шай қасық
  4. Бидай ұны – 1 шай қасық

Дайын болған ингредиенттерді қосып араластырып, бетіңізге жағыңыз. Одан 10-15 минуттан кейін жылы сумен бетіңізді жуыңыз.

Майлы теріге арналған маска

Құрамы:

  1. Ара балы – 4 шай қасық
  2. Туралған ақжелкен – кесе мөлшерінің 1/4 бөлігі

Екі ингредиентті қосып араластырып, бетке жағыңыз. 20 минуттан кейін жуыңыз. Бұл рецепт қолданылғаннан күннің ертеңінде жақсы әсер етеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!